Атырау, 24 желтоқсан 07:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Нұржанға пластикалық операция жасалды

7 869 просмотра

8 желтоқсанда Алматыдағы «Ниссамед» пластикалық хирургия емханасында жастай қартаю ауруына шалдыққан Нұржан ӨРКЕШБАЕВҚА операция жасалды. Емханадағылар 5 сағатқа созылған операцияның сәтті шыққанын растап отыр.

Емхана директоры Гауһар ЖАНСЕЙІТОВАНЫҢ айтуынша, осы сағаттар ішінде дәрігерлер Нұржанға 4 операция жасап, қабағының, бетінің, мойнының және құлағының терісін тартқан. Қазір бозбала наркоздан соң өз-өзіне келіп, жансақтау бөлімінде жатқан көрінеді.  

– Операция алдында алынған анализдердің бәрі ота жасауға болатындығын көрсетті . Ешқандай елеулі ауытқушылықтар тапқан жоқпыз. Ал жеңіл гастрит пен холецистит диетаның бұзылуына байланысты туындаған сырқаттар, - дейді Г.Жансейітова. - Өз жерінен қан құрамындағы қант мөлшері жоғары болған анализ әкелген еді. Шамасы, ол анализді дұрыс тапсырмаған болуы керек. Өйткені стационар жағдайында бұл көрсеткіш қалыпты боп шықты. Кардиограммасы да жақсы болды. Біздің медиктер Нұржанның ішкі ағзалары ересек адамдікіндей деген тұжырыммен келіспей отыр. 

Г.Жансейітованың айтуынша, Нұржан өте шыдамды әрі операцияға риясыз қуаныпты. Нұржанның өзінің айтуынша, ол бұл операцияны ұзақ күткен көрінеді. Әсіресе Нұржанның әкесі қатты толқыпты. Енді бәрі де қалпына келу процесінің қалай өтетіндігіне байланысты болмақ.

– Нұржан – өзгеше пациент. Сондықтан таңертең одан қайталама анализ алынады. Ал түнде оның қасында анестезиолог кезекшілік етеді, - деп қосып қойды емхана өкілі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 желтоқсан 2011, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.