Атырау, 24 желтоқсан 06:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

"Халифат сарбаздары" Боралдайда қаза тапқан 5 адам өздерінің мүшесі екенін мәлімдеді

2 941 просмотра

«Джунд әл-Халифат» («Халифат сарбаздары») тобы Алматының іргесіндегі Боралдай кентіндегі қақтығыста қаза болған бес адам өздерінің мүшелері екенін мәлімдеді деп хабарлайды SITE зерттеу ұйымы өз веб-сайтында.

Аталған исламшыл топ Боралдай кентінде 3 желтоқсанда қаза тапқан бес адам өздерінің «әл-Захир Бейбарыс» деп аталатын бөлімшесінің жауынгері екендігін айтады. Топтың мәлімдеуінше, олар өздерін тұтқындамақ болған қауіпсіздік күштерінің екі адамын өлтірген және өзін өлімге қиюға даяр мыңдаған жақтастары бар.

3 желтоқсанда Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде қылмыстық топқа қарсы арнайы операция болып, нәтижесінде топтың бес мүшесі мен «Арыстан» арнайы жасағының екі сарбазы қаза болған.

Өткен айдың соңында Атырау қаласының соты "Халифат сарбаздары" исламшыл тобын террористік ұйым деп танып, қазақстан аумағында қызмет етуге тыйым салған болатын.

www.azattyq.org/archive/news/20111209/330/330.html

9 желтоқсан 2011, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.