Атырау, 29 қараша 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Өзін-өзі соғып, төрт жыл алды

Бейнежазба
2 633 просмотра


№2 қалалық сот полицей көлігінде өзін өзі соққан 36 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Мұның қалай болғанын естеріңізге салайық. 24 ақпанда кешкісін жол-патрульдік полиция қызметкерлері А.Ахметшин жүргізіп келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы көлікті тоқтатады. Салонды тексеру кезінде ілеспе құжаттарсыз 270 келі сазан табылады. Қызметтік көлік салонында осы фактіні құжаттап ресімдеу кезінде Ахметшин күтпеген жерден өзінің бетіне бірнеше күшті соққылар жасап, содан соң ұялы телефоны арқылы 102 операторының пультіне қоңырау шалып, өзіне қатысты жол полициясы қызметкерлерінің тарапынан физикалық күш қолданылғаны туралы хабарлайды. Мұның бәрін қызметтік көлікте орнатылған бейнетіркегіш тіркеп алған. Кейіннен бейнеролик әлеуметтік желілерде кең тарап кетті Балық, «соққыға жығу» және бейнежазба»). Жедел топ келген кезде Ахметшин көрінеу жалған шағым жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы есертуге қарамастан, ІІБ №2 қалалық полиция бөлімінің жол полиция қызметкерлерінің үстінен арыз жасады.

Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі өндіріс кезеңінде сотталушы ерікті түрде кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасайды. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған көрінеу жалған шағым бергені үшін оған 4 жылға бас бостандығын шектеу (ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-тармағы) түрінде, яғни, ең аз мөлшердегі жаза тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
20 сәуір 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.