Атырау, 24 желтоқсан 06:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау бапкерлерінен айрылып қалды

3 405 просмотра

Дзюдодан таңдаулы деген жаттықтырушыларды Батыс-Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасының басшылығы өздеріне шақыртып алды. Енді ерлі-зайыпты Сайын ЕРҒАЛИЕВ пен Сәния МАХАМБЕТОВА оралдық спортшыларды баулитын болады.

 

Дзюдодан Азияның екі дүркін жүлдегері Қалжан ТАЙЖАНОВА,  самбо бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Марал КАШЕНОВ, самбодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Данияр ЖАҚСИЕВ – олардың барлығы  Атырау облысының дзюдодан аға жаттықтырушысы Сайын Ерғалиевтің тәрбиеленушілері.

«Мен 1 қаңтардан бастап жұмыстан кетуге мәжбүр болдым, -дейді ол. – Қазір Батыс Қазақстан облысының құрамасын жаттықтырудамын. Өзімнің оқушым Рашид ҚҰЛБАЕВТЫ алып кеттім, қазір ол «Ақ Жайық» клубына кірді. Істің жайы мынадан басталды, мен 2010 жылы қыркүйекте өз тәрбиеленушілерім Ренат Ибрагимов пен Рашид Құлбаевты өз қаржыммен Жапонияда өткен чемпионатқа алып бардым. Одан біз орын алған жоқпыз. Үйге келген соң біздің спорт басқармасы маған ақшаны қайтарып берген жоқ. Басқарма бастығы жүлдесіз оралғандықтан ақша берілмейді деді. Шыдамымның жеткен жері осы болды. Мен Оралдағы әріптестеріммен хабарластым. Олар бізді бұрыннан жұмысқа шақыратын, сондықтан да бірден келуімізді сұрады. Алдымен мен кеттім, ал, екі айдан соң Сәнияны шақыртты. Онда бізді облыс әкімі қабылдады, бірден өзіне облыстық туризм және спорт басқармасының бастығын шақыртып, оған бізге жақсы мамандарды алдыртқаның дұрыс болды деді, сондай-ақ, әкім бізге баспанамен көмектесуге уәде берді. Және ол сөзінде тұрды, біз жақында ғана жаңа үйден екі бөлмелі пәтер алдық. Отыз жыл бойына еңбек еткен Атыраудан бұлай кету әрине, өкінішті. Бұл жерде Сәнияға да оңай болған жоқ. Алдымен оны спорт басқармасында қысқартып тастады, тіпті, жаттықтырушы болып жұмыс жасатпады, тек мен жұмыстан шыққан кезде ғана, яғни, менің орныма спорт мектебіне жаттықтырушы етіп алды».

Қазақстандық әйелдер арасында самбодан халықаралық дәрежедегі бірінші спорт шебері және Атырау облысындағы дзюдодан спорт шебері Сәния Махамбетова қазір спорттың авиациялық түрінің балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінің оқу бөлімі директорының орынбасары болып жұмыс жасайды, сонымен қатар балаларды жаттықтырады. 

- Бұл жерде спортқа деген көзқарас мүлдем басқаша, -дейді ол. – Мамандарға қолдау көрсетеді, көмектеседі, жаттықтырушылар мен спортшыларды жан-жақтан шақыртады. Мәселен, мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушыны Қытайдан алдырған. Батыс-Қазақстан облысынан бүгінгі күннің өзінде үш спортшы олимпиадаға лицензия алып үлгерген және тағы да үшеуі алмақшы. Спортшылар жиындарға ешқандай проблемасыз барып жатады, оларды тұрақты түрде облыстық спорт басқармасы қаржыландырып отырады. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 желтоқсан 2011, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.