Атырау, 24 желтоқсан 07:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Келімсектердің жолы кесілді

2 365 просмотра

28 қарашадан 3 желтоқсан аралығында республикада «Мигрант» операциясы жүргізілді. Атырау облысында көші-қон полициясы бойынша 648 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнайы взвод командирі Мереке КҮСЕПОВТІҢ хабарлауынша, заң бұзушылардың басым көпшілігі жақын шетелдерден көрінеді. Тек екеуі ғана алыс  шет мемлекеттен келген болып шықты: бірі – Ұлыбританияның, екіншісі-Нигерия азаматы. Оларға уақытында тіркелмегендіктері үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл тағылды. Оларды шақыртқан фирмалар да әкімшілік жазаға тартылды.

Операция барысында 55 адам арнайы қабылдау орнына түскендердің көбі құжатсыз жүрген Өзбекстан азаматтары. Үш адамның үстінен шекарадан заңсыз өткені үшін қылмыстық іс қозғалды. Түрлі қылмыстары үшін іздеуде жүрген 10 адам ұсталды, олардың ішінде  екі Өзбекстан азаматы және біреуі зорлағаны үшін іздеуде жүрген Саратов қаласынан келген ресейлік азамат бар. 8 адам сот шешімімен  ҚР аумағынан шығарылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

8 желтоқсан 2011, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.