Атырау, 24 желтоқсан 07:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Әйелдер түрмесінде СПИД-ке қарсы шара өтті

2 574 просмотра

1 желтоқсан күні УГ-157/11 әйелдерді түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы мәдени шаралар өтті.

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Бақытгүл МАРАЗБАЕВАНЫҢайтуынша, әйелдер колониясында мұндай тақырыптық бағдарламалар өткізу бұрыннан келе жатқан дәстүрге айналған. Ол сотталғандардың моральдық рухын көтеріп, бостандықтағы өмірге дайындайды.

Әсіресе, сахна жанрлары арасында  асханада тұрған қысқатолқынды пешке  таласқан екі сотталушының текетіресі темір тордың ар жағындағы  шынайы өмірді боямасыз көрсетті.   «Бізде дәл солай ғой» десіп жатты жазасын өтеушілер.   

Дегенмен, түрмеде  СПИД-ті жұқтырғандардың саны қанша?  УГ-157/11 әйелдерді түзеу мекемесі бастығының орынбасары Нұрзада САҒЫНҒАЛИЕВА мұнда СПИД-пен ауыратындар жоқ және ауру белгісі бар ешкімнің тіркелмегендігіне сендірді.

Мұнда «Дархан-1» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен СПИД ауруын алдын-алу мақсатында арнайы бір бөлме жұмыс жасайды. Онда қазір Қарлығаш Есенғалиева есімді жазасын өтеуші әйел үгіт-насихаттық жұмыстар атқарады екен.

Айнұр САПАРОВА

8 желтоқсан 2011, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.