Атырау, 26 сәуір 14:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Экс-полицейдің ісі: «Сізге басшы ретінде қылмысқа неге барып жүргенімді түсіндірдім»

Сурет Бейнежазба
6 245 просмотра

Сотталушы Манарбек ӨТЕУОВАтырау қалалық ІІБ криминалдық полициясының бастығы Нұрболат ҚАБДЕШЕВ (сол жақта)ІІБ аға жедел уәкілі Бейбіт ШАЛТЕНОВ (сол жақта)Сотталушы Асан ҚҰРБАНБАЕВ

5 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің қылмыстық ісін қарау соты жалғасты Экс-полицейдің ісі: Сақтандырылған қарақшылық»).

Отырыста куәгерлерден жауап алынды.

Атырау қалалық криминалдық полиция бастығы Нұрболат ҚАБДЕШЕВ пен ІІБ аға жедел уәкілі Бейбіт ШАЛТЕНОВТЕН жауап алу барысында сотталушы Өтеуов олардың тарапына айыптау сөздерін айтты.

«Бәйтерек» базарының маңында айналма жолдың қасынан есірткімен бірнеше жігітті ұстадым. Бұл туралы Бейбіт Шалтеновке баяндадым. Ол: «жұмыс істе» деді. Бұл «олардан ақша ал» дегенді білдіретін еді. Мұндай жағдай бұрындары да көп болды. Менімен бірге Әзидолла есімді қызметкер болды. Біз осы жігіттерден 500 мың теңге алдық, мен оны Шалтеновке апарып бердім. Ол жүз мыңын маған беріп, қалғанын өзі алды. Біраз уақыттан кейін ол маған WhatsApp арқылы ІІБ-ге түскен осы жігіттердің арызын жолдады. Мен басшылыққа бардым. Ол жерде төртеуміз – Марат ТАҒАНИЯЗОВ, Шалтенов, ЖҰМАБАЕВ және мен болдым. Мен ақшаны алғанымды мойындадым. Шалтеновтің кабинетіне барғанда, мен оған: «сен не істеп жүрсің?» дедім. Ол: «мен басшылыққа ештеңе айтпадым, ал ақшаны жұмсап қойдым» деді. Мен оған: «оны енді менен талап етеді ғой» дедім. Ол ештеңе демеді. Кешікпей еңбек демалысына шығып кетті.

Тағаниязов егер әлгі жігіттерге ақшаны қайтарып бермесем, жұмыстан шығарамын деп қоқан-лоққы көрсетіп, баянат жазуды талап етті. Мен «Каспийбанктен» үш жүз мың теңге мөлшерінде несие алып... оның бәрін букмекерлік кеңседе ұттырып алдым. Содан соң менің танысым, Өзбекстан азаматы Асан ҚҰРБАНБАЕВ келіп, оның ойында бір жерлесі бар екенін айтты. Оның үйінде ақша көп екенін, туыстары жақында курортқа кетейін деп жатқанын айтты. Есіңізде ме, Нұрболат, сізге басшы ретінде жағдайды түсіндіріп, не үшін қылмысқа барып жүргенімді түсіндірдім ғой. Ал сіз маған: «егер бір істі қолға алсаң, әдемі етіп, еш куәгерсіз жаса» дедіңіз. Нұрболат, осы әңгіме есіңізде ме?

– Бұл өтірік сөз, мұндай әңгіме болған емес.

– Менің Шалтеновке тағы бір сұрағым бар: кабинеттегі біздің әңгімеміз есіңізде ме? Сол 500 мың теңге туралы не айтасыз?

– Сіз ақша туралы өтірік айтып тұрсыз.

– Алла бар ғой, ол бәрін көріп тұр.


Сонымен қатар, зардап шегуші тараптар адвокаттарының ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері Артур ИМАНОВТАН алған жауаптарынан маңызды детальдар анықталды. Сөйтсек, екі әйелді тонағаннан кейін 2015 жылдың 29 шілдесінде Өзбекстан азаматы А.Құрбанбаев Имановқа өз төлқұжатын жоғалтып алғанын, соны пайдаланған Өтеуовтің оны үнемі қылмыс жасауға итермелеп отырғанын айтқан. Бірақ Иманов мұны хабарлама ретінде тіркемеген. Ал 5 тамызда Дмитрий Ким өлтіріледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара Сухомлинова
6 сәуір 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.