Атырау, 24 желтоқсан 07:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Зауыт-кемелерді өзен ішінде «кескілеп» жатыр

3 861 просмотра

Балықшыдағы Жайық өзенінің жағасында көп жылдар бойы тот басып жатқан екі ескі зауыт-кемені бұза бастады. Жұмыстар, соның ішінде дәнекерлеу жұмыстарының бір бөлігі жағалауда, бір бөлігі өзен бойында жүргізілуде.

Бұл жұмыстармен қай мекеменің айналысып жатқанын біле алмадық. Жұмысшылардың маман киімдерінде мекеменің белгілері болмады. Ал журналистермен тілдесуге олар ниет білдірген жоқ. «АтырауБалық» компаниясындағылар бұл фактіге комментарий беруден бас тартты. «Бөлшектеушілердің» өзен акваториясында жұмыс істеуге рұқсаттары бар ма деген сұрақ жауапсыз қалып отыр.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы облыстық әкімдікте Жайық проблемаларына арналған кеңестердің бірінде «Атырау-Балыққа» өзенді суға батқан кемелерден тазартуды табанды түрде тазарту керектігі айтылған еді. Биыл жазда зауыт-кемелерде өрт болып, ал күзде ақпарат көздерінің бірі хабарлағандай, «Атырау-Балық» әжептәуір ақшаға өртеніп, жартылай суға батқан екі кемені әлдебір фирмаға өздері алып кететін шартпен металл сынықтары үшін сатып жіберген.

Бүгінде қарызға белшесінен батқан бұрынғы балық өнеркәсібі алыбының түскен ақшаны қайда жібергендігі айтылмайды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

8 желтоқсан 2011, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.