Атырау, 24 желтоқсан 07:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Түрмеден есірткі мен арақтың табылуы еселей түскен

2 964 просмотра

Атырау түрмелерінен табылған ақшаның жалпы сомасы – жарты миллион  теңгені құрап отыр.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті директорының орынбасары Балабек ЖҮНІСОВТЫҢ айтуынша, департаментке қарасты барлық түзеу мекемелерінде бұрынғымен салыстырғанда осы жылы тыйым салынған заттардың табылу фактісі көбейген. Астын сызып айтар болсақ, барлық түрмелерден - 563 441 теңге табылды. Сондай-ақ, 2597 литр спирттік ішімдік, 2123,99 грамм есірткі заты, 434 кесу-шаншу заттары және 564 ұялы телефон табылған. Бұл заттар түрмеге кездесуге келген сотталғандардың ағайын-туыстарынан, пошталық сәлемдемелерден анықталып отыр. Оған қоса, белгісіз біреулердің сырттан түрме ішіне лақтырып кетіп жататындары немесе түрлі жолдармен жеткізушілер толастар емес. Б.Жүнісов қазір сотталғандардың аналары да спирттік ішімдікті әкеліп беріп жататындары (түрмеде отырғандардың жартысынан көбі арақтың кесірінен қылмысқа барғандар) кездесіп отырғанын айтады.

Ал түрмеден тыйым салынған заттар қала тұрғындарынан табылса, оған ҚРӘК-нің 167-бабы бойынша айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал сотталғандардан табылса, олар 15 күнге айыптау-оқшаулау орнына жіберіледі.           

Айнұр САПАРОВА

8 желтоқсан 2011, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.