Атырау, 24 желтоқсан 06:33
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Үй кітабы да жойылатын болды

3 155 просмотра

2012 жылдың ІІІ тоқсанынан бастап барлық қазақстандықтар секілді атыраулықтар да үй кітабының орнына мекен-жай бойынша азаматтарды электронды тіркеу мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл туралы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ хабарлады.

Жүйе қазақстандықтарға еліміздің кез-келген нүктесінде тұрғылықты мекен-жайы мен қайда тіркелгендігіне қарамастан, жеке бас куәлігін рәсімдеуге өтініш беруге мүмкіндік береді.  Электронды мекен-жай анықтамасын ел аумағының кез-келген халыққа қызмет көрсету бөлімшелерінен ала алатын боламыз.

Мұндай мүмкіндікті кейінге қалдырмай, облыс орталығының кез-келген орталық бөлімшесіне (Балықшыда, Сәтбаев даңғылында және Баймұханов көшесінде) немесе аудандық бөлімшеге жеке бас куәлігімен және үй кітабымен келіп, Бірыңғай дерекқорға қайтадан тіркелуі керек. Қызмет көрсету тегін және көп уақыт алмайды. Орталықтың байланыс телефоны: 55-80-04.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 желтоқсан 2011, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.