Атырау, 11 желтоқсан 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ақ қағаздағы ақ қанат армандар

3 953 просмотра

«Ақ бота» балалар үйіндегі сәбилерді мектепке қосымша дайындау үшін ұйымдастастырылған «Сәтті балалық шақ» жобасы аяқталды.

Балалар бірден белсенділік танытып, шеберлік сыныптары барысында бір жыл ішінде үйренген нәрселерін көрсете білді. Ән айтып, сурет салды, дайын шаблондарды безендіріп, суреттерін салған пішіндерді қиды, аппликациялар әзірлеп, бәрі бірігіп панно жасады. Бұл сурет өте қарапайым және мейірімге толы әсер берді. Шуақты күн, жанында гүлдер өсіп тұрған үй, қолында портфелі бар балақай мектепке бара жатыр, шарлар мен үлкен қызыл жүрек аспан көгіне көтерілген. «Бұл біз тұрып жатқан үй, ал мынау жүректі баршаңызға сыйлаймыз. Мына гүлдер әдемілік үшін салынған», - деп әңгімеледі балалар.

«Кеше ғана Миша Тайжанов, Лиза Долгова, Әсемгүл Базарбаева топтық сабақтарда тек бақылаушылар ғана болып еді, ал бүгінде басқа балалар секілді қолдарын созып, заттардың бейнесін жасауға тырысатын болыпты. Бұл ойында кеңістіктен бір пішінді жасау керек. Бүлдіршіндер өзгерістерге дайын екен: олар шаршы жасап берейік деп өтінетін болды. Бұл кеңістікте ойлауды дамытуға арналған жаттығу. Бұған құралыптас балалар бастарын қатырып жатады, - деп сүйсіне әңгімеледі өз тәрбиеленушілері туралы психолог Кристина ШИЛЬМАН. - Миша бірінші сыныпта оқып жүр. Бірақ бұдан бұрын оны мүлдем сабаққа бара алмайды деп ойлаған едік. Лиза Долгова сабақ арқылы сөйлеу дағдысында үлкен нәтижеге қол жеткізді. Оны топтың данышпаны деп атайды. Ал Әсемгүлдің бұрын қит етсе көзіне жас толатын. Бүгін ол өзгерген. Қазіргі оның сүйікті ісі – сомдаумен айналысу. Тек жобада ғана емес, өмірде де балалар үйінен ұшар кезде, бұл балалар өмірден өз орындарын тауып, жетістікке қол жеткізеді деп үміттенеміз».

 

ДЕМЕУШІ БІРДЕН ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

«Сәтті балалық шақ» жобасын авторлық жоба деп батыл атауға болады. Оның авторы – «Жастар жетістігі» білім беру орталығының командасы. Бұл орталық интернаттық мекемелермен бірге жұмыс істейді. Онда жасөспірімдердің өз-өздеріне баға беруді арттыру тұрғысында тамаша жобалары бар. Балалармен үнемі қарым-қатынас жасау барысында қор мамандары тек ересек балалар ғана емес, сәбилер де көмекке мұқтаж екендігін түсінген. Өйткені, барлық проблемалар балалық шақтан бастау алады. Жалпыға білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дайындық жүргізіліп жатқанына қарамастан, олар №9 мектептегі қалыпты отбасынан шыққан сыныптастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алмайды.

«Осылайша 4-7 жас аралығындағы балаларды қоғамда әлеуметтендіру жобасын құру және оларды мектеп сабақтарына қосымша даярлау идеясы пайда болды, - дейді білім беру орталығының жетекшісі Наталья СТРУНЯШЕВА. – Әрине, сабақты жыл бойына өткізу қисынды болар еді. Бастапқыда 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін айналысу жоспарланған еді. Бірақ демеушілерді бірден табу мүмкін болмады. Көптеген ірі мұнай компаниялары жобаның өте жақсы екенін, бірақ белгілі бір талаптарға сай келмейтінін айтады да, қандай талап екенін жария етпейді. Сөйтіп жүргенде бізді «Бота» қоры қолдады. Алайда өтінішті қарауға көп уақыт кетті. Біз жұмысымызды өткен жылдың желтоқсанында бастап, енді жаңа жыл алдында аяқтап отырмыз. Жобаны жалғастыру үшін өтініш беруге «Ботаның» ережесі мүмкіндік бермейді».

 

АМАН «Р» ӘРПІН БАҒЫНДЫРДЫ

Осы жыл ішінде жоба шеңберінде тек «Ақ ботаның» кішкентай бүлдіршіндері ғана емес, тәрбиешілер мен балалар үйінің психологтары, мектепалды даярлық мұғалімдері, психолог, №9 орта мектептің әлеуметтік педагогы және студенттер – АМУ-дің «Психология» факультетінің еріктілері оқу курсынан өтті. Жаннат Сабырғалиева, Құндыз Кемелова, Марта Әділбекқызы және Әсемгүл Өтебаевалар үшін балалармен үнемі жұмыс жасау жақсы тәжірибеге айналды. «Аптасына үш рет екі сағаттан біз мектепке бармайтын бүлдіршіндермен жұмыс істедік. Осы уақыт ішінде олардың қол жеткізген жетіс-тіктерін көзімізбен көргенімізге қуаныштымыз. Олар өз ойларын жеткізіп, армандарын сурет етіп салуға үйренді. Ал бастапқыда бізді тыңдамай, олардан не қалайтынымызды түсінбейтін еді», - деп әңгімелейді Жаннат Сабырғалиева. 

«Тіпті, жоба ортасында да балалар басқаша болатын: олар тыңдау білмейтін, қайталағылары келмейтін, кейде өз әрекеттеріне жауап бере алмайтын. Әрі кеткенде бірнеше минутқа дейін ғана тыныш отырып, содан соң сыныпты айналып жүгіре бастайтын. Бүгін олар мектепке баруға дайын. Бастысы, балалар жеке тұлға ретінде ашыла бастады. Көпшілігінің сурет салуға қызығушылығы оянды. Олар қолдарына құралдарды дұрыс ұстауды білмейтін еді. Әлі күнге дейін бұл тіпті анағұрлым ересек тәрбиеленушілер үшін де қиын мәселе боп отыр. Өйткені олар өздерінің отбасында тәрбиеленген қатарларынан даму жағынан әжептәуір қалыс қалып келеді», - дейді «Ақ бота» балалар үйінің директоры Гүлсара БОТАТАЕВА.

Осы уақыт ішінде мамандар балалар еңбектерінің портфолиосын жүргізген. Сол арқылы олардың қалай өзгергенін көруге болады. «Бұл біздің авторлық зерттеуіміз және алғашқы тәжірибеміз. Қазір мен кемшіліктерді көріп отырмын. Біз мұғалімдерге логопедия негіздерін оқытпай, жақсы логопедті жалдауымыз керек еді. Сонда жақсы жетістікке қол жеткізер едік», - деп бөліседі Наталья Струняшева. Дегенмен де, балалар үйінің  психологы Сұлу ЗЕЙДУНОВА логопедия курстары тәрбиешілер жұмысына жақсы жәрдем болды деп есептейді. Олар алған білімдерін өз жұмыстарына пайдаланып, нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, Аман Қорғалиев қиын айтылатын «Р» әрпін айтуды үйреніп алыпты.    

Жоба аяқталды, бірақ балалар үйінің тәрбиешілері өздері үшін жаңа тәжірибені әрі қарай да қолданбақшы. Ал балалар құқығын қорғау департаменті бағдарламаны жалғастыруға қаржы бөлу үшін демеушілерге өтінішхат жолдауға ниет білдіріп отыр. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

7 желтоқсан 2011, 20:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.