Атырау, 24 желтоқсан 06:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Облыстық соттың жаңа төрағасына берілген алғашқы тапсырма

2 657 просмотра

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас БЕКНАЗАРОВ атыраулық әріптестеріне облыстық соттың жаңа төрағасы Мұхтар СМАҒҰЛОВТЫ (суретте - сол жақта) таныстырды.

- Мұхтар Смағұлов университетті тәмамдағаннан кейін бүкіл өмірін сот саласында өткізді, - деді Б.Бекназаров. - Өз жұмысын өте жақсы біледі, көптен бері бірге еңбек етіп келеміз. Талқылау кезінде президенттің өзі оның кандидатурасын қолдады.

Ал М. Смағұлов сөзін қысқа қайырды:

- Мен ұжымды жақсы білемін, түрлі семинарларда жиі кездесіп жүрміз. Тіл табысып кетеміз деп ойлаймын,-деді де:-  Мен сөзге жоқ адаммын. Аз сөйлеп, көп жұмыс жасау керек, - деп қосып қойды.

Оның орыс тілінде айтылған сөзі Б. Бекназаровтың достық пейілде ескерту жасауына себеп болды:

- Мен қазақ тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын көптеген судьяларды білемін. Ал Атыраудан соң-ақ олар  қазақ тілінде сайрап шыға келеді. Сізге де соны тілеймін. Мұны сіз орындауға тиісті тапсырма деп есептеңіз.

Содан соң Б. Бекназаров журналистердің сұрақтарына жауап берді.

-  Таяуда бірнеше судьялар қызметтерінен алынды. Олардың арасында бір кездері Атырау облыстық сотының  төрағасы боп жұмыс істеген Марклен Камназаров та бар. Олардың тағдыры не болмақ?

-  6 судья  қызметінен босатылды.  Пара алды деп айыпталған оның екеуінің (А. Ташенов пен С. Жәкішева) ісі сотқа жолданды.  Ал қалған төртеуінің, соның ішінде Камназаровтың да іс-әркетінен  қылмыс құрамы табылмады. Менің білуімше, олар бұрынғы жұмыс орындарына қайта тұруға әрекеттеніп жатыр.

- Аймақтағы экстремизм көріністеріне байланысты істер бойынша сот процесі қашан басталады?

- Әзір  тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл істер сотқа әлі жолданған жоқ.

Сәния ТОЙКЕН

7 желтоқсан 2011, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.