Атырау, 24 желтоқсан 07:17
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ғаламторда өкініш білдірген лаңкестердің абақтыдағы бейнежазбасы пайда болды

4 003 просмотра

Youtube кеңістігінде Атыраудағы тергеу изоляторының камерасында түсірілген болуы керек, бейнежазба пайда болды. Ұялы телефон арқылы түсірілген бейнежазбада төрт жас жігіт лаңкестік әрекетті дайындағандары үшін өкініш білдіріп, өздерінің діндар бауырларын қателік жасаудан сақтандырған.

Олардың бірі лаңкестердің байланысшысы болғанын, оларға шетелге ақша жіберіп отырғанын мойындайды. Екіншісі олармен ғаламтор арқылы хабарласып отырғанын және әлдебір жарылысты дайындауға қатысқанын айтқан. Бейнежазбадан олардың кім екендігі және оларды нақты не үшін қамауға алғандығын анықтау қиын. Бәлкім, бұлар Атыраудағы терактіні дайындауға қатысқан күдіктілер болуы мүмкін.

Төртеуі де бостандықтағы «атыраулық бауырларына» салем жолдап, салафиттік дағды бойынша, өз сөздерінде Алланы атап, кезекпен-кезек телефон камерасына қарап сөйлейді.

- Мен бауырларыма біздің қателіктерімізді қайталамаңдар деп айтқым келеді (...). Мен күнәлі іс жасадым. Олардың білімдері жоқ. Ол жақтан маған осы жерде бауырларымызға қысымшылық жасап жатыр деп, жарылыс жасауға бұйрық келді. Олар (жарылысқа тапсырыс берушілер) тіпті, осы жарылыс кезінде сіздің ата-аналарыңыз, балаларыңыз, туысқандарыңыз жапа шегуі мүмкін екендігін ойламайды да. Асығыс шешім қабылдамаңдар,  кім көрінгенді тыңдамаңдар. Қазақстанда ештеңе жасамаңдар, бізде бәрі жақсы: намаз оқиды, мешітке емін-еркін барады, ешкім ешкімге қысымшылық жасап жатқан жоқ. Оларды тыңдамаңдар. Өз ақылдарыңмен өмір сүріңдер, - деп үндеді олардың бірі.

- Мен «Халифат сарбаздары» деп аталатындарға айтқым келеді. Олар исламды құтқарғымыз келеді дейді, бірақ керісінше, олай болып жатқан жоқ, олар исламды құртып жатыр. Сіздердің әрекеттеріңіз жай сөзбен айтқанда күмәнді, ал нақтырақ айтқанда – харам (араб тілінде - тыйым салынған). Қазақстанда жиһад жасау ақылға қонбайды, бұл орынсыз нәрсе. Жиһадтың негізі дағуат (араб тілінде - уағыз) айту, ал егер өз дінімізді жоғарыдан құртып жатсақ, қазір қандай дағуат жүргізіп жатқанымыз? – деді тағы бір жас жігіт.

- Бізді тектен-текке ұстаған жоқ, жасаған ісіміз үшін қамауға алды. Факт бойынша біз бәрін көрсеттік. Өз қателігіміз үшін жазамызды аламыз, - деп сөзін жалғастырды ол.

Тағы бір жас жігіт, шамасы, ақшаны шетелге аударған жігіт болуы керек, өздерінің шетелдегі бауырларының ашкөздігін әшкере етуге тырысқан.

- Маған сол жердегі (шетелдегі) үш бауырым байланысқа шықты. Олардың әрбіреуі ақша үшін бір-біріне ғайбат сөз айта бастады (...). Олар ана жақта ақшаға бәрін жасайды. «Интернет-мұджаһид» деп аталатын жас бауырларыма айтарым – интернетті қопаруды, сол бейнетаспаларды қарауды доғарыңдар. Интернет сендерге Пәкістанда не боп жатқанын, шындығын айтпайды. Осы жерде, тергеу изоляторында Пәкістанда болған бауырлар бар, ...олар сол жақта не боп жатқанын айтты. Біз өз ақидалармыздан (араб тілінде - діни сенім) айныған жоқпыз, олай деп ойламаңыздар, біз сынған жоқпыз, таймадық. Бірақ өз қателіктеріміз үшін жауап беруіміз керек... – деп олар сөздерін аяқтады.

Лаңкестікке күдіктілерді азаптап қорқытып, жұртшылыққа осындай мәлімдеме жасауға мәжбүрлеген-ау деген әсер қалдырмайды. Бейнежазбада төртеуі де өз-өздеріне сенімді күйде, тіпті әзілдесіп қояды. Олар өз «бауырларына» алдағы уақытта абақтыдан байланысқа шығуға және олардың сұрақтарына ұялы телефон арқылы жауап беруге уәде беріпті.

Азамат МАЙТАНОВ

7 желтоқсан 2011, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.