Атырау, 24 желтоқсан 04:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Нұржан Өркешбаевқа Алматыда операция жасайды

5 708 просмотра

5 желтоқсанда Нұржан алматылық «Ниссамед» пластикалық хирургия орталығына жатқызылды. Бүгін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, оған операция жасалуы керек.

Нұржанның айтуынша, оған тәжірибелі хирург Болат БАЙРОВ операция жасамақ. «Ниссамед» сайтындағы ақпаратта жазылғандай, Байров – емхананың жетекші маманы, жоғарғы санатты хирург, Ресейдің пластикалық, реконструктивтік және эстетикалық хирургтары қоғамының мүшесі екен. Хирургиядағы жұмыс өтілі 29 жыл. Осы жылдар ішінде ІІМ-нің госпиталінде, ҰҚК медициналық қызметінде, С.Д.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің госпиталдық хирургия кафедрасында еңбек еткен. Пластикалық хирургияны Мәскеудің мамандандырылған емханаларында үйренген. Бұл саладағы тәжірибесі – 8 жыл.

Емхана қызметкерлері бүгін Нұржанның алдын ала тексеру үшін стационарға жатқызылғанын хабарлады. Егер анализ нәтижелері жақсы болса, Нұржанның бетіндегі терілерді тартып, ота жасамақ.

- Егер бәрі дұрыс болса, онда операциядан кейін 5-күні оның көзінің айналасындағы тігісті, 10-11-ші күні бетінің қалған бөлігіндегі тігістерді аламыз, - деп комментарий берді емханадағылар.

Ондағылар 12 жыл жұмыс істеген уақыт ішінде мұндай операция өткізу үшін жеткілікті тәжірибе жинақтағанын растады. Нұржанға келер болсақ, емхана дәрігерлері оны Атырау облысының бұрынғы клиенті қоңырау шалғаннан кейін ғана шақырыпты. Дәрігер Нұржанға Ресейден көмек ұсынылып отырғанын, осындай білікті маман көмегін ол өз отанында да ала алатынын айтты. Ол сондай-ақ, операция жасау үшін ақша жинауға уәде берді. Бірақ емхана дәрігерлері Нұржанға тегін операция жасауды ұйғарған. Оңалту кезеңінің төлемақысын да емхана өз мойнына алған.

Естеріңізге салсақ, Нұржан прогерияға – ағзаның ерте қартаюына шалдыққан. Пластикалық операция оның қоғамға оңай бейімделуіне көмектеседі деп үміттену керек. Бірақ 20 жастағы жігітте ересектер сырқаты жеткілікті екен. Атап айтқанда, эрозиялық гастрит, холецистит, жүрек ауруы, гипертензиялық синдром және т.б. Мұның бәрін осыдан екі жыл бұрын Атырау облыстық ауруханасында жүргізілген тексеру анықтаған.

- Нұржанның ішкі ағзаларының жай-күйі ерте қартаю деген диагнозды растап отыр. Созылмалы сырқаттар дұрыс емделуді қажет етеді, - деп түсінік берген еді сол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 желтоқсан 2011, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.