Атырау, 24 желтоқсан 04:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қазақстанда болашақ педагогтардың психикалық денсаулығы жіті тексерілмек

2 886 просмотра
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі болашақ педагогтардың психикалық денсаулықтарын тексерудің стандарттарын әзірлемек.

«Кеңестік дәуірдің өзінде студент денінің саулығын және білім алуға жарамдығын растайтын анықтама өткізгендігі мәлім. Әлемде келеңсіз үрдістер болып жатқанын білесіздер, тіпті, педагогтардың арасында адами қарым-қатынастардың шегінен шығып жатқандары кездеседі», - деді бүгін Астанада өтіп жатқан «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

«Болашақ педагог ЖОО-ға оқуға түсу үшін құжаттарды жай ғана тапсырып қоймай, денсаулық жағдайына және тәрбиелік жұмыспен айналысу қабілетіне жіті тексеруден өтуі тиіс болады. Ол белгілі тестілерден өтуі қажет», - деді ол.

«Қазір біз денсаулық сақтау министрлігімен бұл мәселені қарап, зерделейтін боламыз», - деп жалғастырды министр.

Б.Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, қазір аталмыш проблема бүкіл әлемде өткір тұр. «Ұшқыштарды даярлаған кезде, ол әуе кеңістігінде салмақсыздық күйде адекватты жауап бере алатынын тексереміз де, балаларымыз бен немерелерімізді педагогқа тапсыра отырып, оның психикалық денсаулығы қаншалықты түзу екендігін неге тексере алмаймыз?!», - деп түйіндеді министр.

www.inform.kz/kaz/article/2423871

5 желтоқсан 2011, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.