Атырау, 25 желтоқсан 01:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Астрахан трассасындағы апат үш адамның өмірін қиды

4 321 рет қаралды

Кеше Атырау-Астрахан тас жолында Байшақа өзені арқылы өтетін көпір маңында (қаладан 40 шақырым жерде) жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тапты.

Ганюшкин поселкесінің 30 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-2115 көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан қарсы жолаққа шығып кетіп, Ерғалиев селосынан облыс орталығына бағыт алған «Тойота-Камри» көлігіне барып соққан.

Апат нәтижесінде ВАЗ жүргізушісі мен 42 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмған. «Тойотаның» 1964 жылғы және 1985 жылғы екі жолаушысы, сондай-ақ ВАЗ-дың 1992 жылғы бір жолаушысы түрлі ауырлықта алған зақыммен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бүгін таңертең ВАЗ жолаушысы есін жимаған күйі қайтыс болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 желтоқсан 2011, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.