Атырау, 26 желтоқсан 06:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

30 жасар сәби

3 500 просмотра

Бразилиялық Мария Одечи ду Нашименту (Maria Audete do Nascimento) 1981 жылдың 7 мамырында дүниеге келген.

Бірақ сирек кездесетін генетикалық ауытқудың салдарынан оның денесі 9 ай шағында өсуін тоқтатты. Қазір Мария туыстарымен бірге Бразилияның Чиара қаласында тұрады.

Оның туған анасы осыдан 7 жыл бұрын қайтыс болған. Қазір "сәби әйелді" әкесінің екінші жары бағып жүр.

Егер Марияның ауруын туғаннан бастап емдегенде, ол толықтай жазылып кетер еді. Бірақ оған отбасының қаржылай шамасы болған жоқ. Ал қазір емдеу тым кеш, дейді дәрігерлер.

Қазір Мария Одечи ду Нашименту қарапайым сәби сияқты өмір сүреді - өзін-өзі күте алмайды, сөйлеу қабілеті дамымаған.

Дереккөз: nur.kz

2 желтоқсан 2011, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.