Атырау, 26 қараша 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚМГ геологиялық барлауға 557 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда

2 853 просмотра

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы («Қазақстанның мұнайы мен газы») 2012-2016 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 557 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда, оның ішінде 435 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауға және 12024 кв.км 3Д көлеміндегі сейсмикалық барлауға  499 млрд. теңге бөледі.  

Компанияның ақпаратына сәйкес, 2008 жылдан 2011 жылға дейін геологиялық-барлау жұмыстарына, соның ішінде бұрғылау және сейсмикалық-барлауға 121 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалғаны айтылды.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің деректеріне әйкес,  2012-2016 жылдар кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жобаларда («Н», «Жамбыл», «Сәтпаев», «Махамбет», «Бөбек» және т.б.) бұрғылау, іздестіру-барлау ұңғыларының ауқымды көлемі жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңа инвестициялық жобалар («Абай», «Исатай», «Шағала», «Үстірт») бойынша жұмыс басталмақшы.

«Геологиялық қызметтің рөлін арттыру, геологиялық бейінді мамандар дайындау, жаңа геология-геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік зерттеулерді дамыту маңыздылығын асыра бағалау қиын. Біз Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларындағы жобалық шешімдердің іске асырылуының геологиялық мониторингін күшейтуіміз керек», - деді Болат Ақшолақов.

Кеңес қорытындысы шығарылып, геологиялық барлауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күшейту, талдамалы-түсіндіру орталығын құру, керн материалдарының зертханалық зерттеулерінің, тиімді геологиялық-техникалық шараларды жолға қою мақсатында ұңғымалар зерттеулерінің көлемін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

"Қазақстан жаңалықтары"

2 желтоқсан 2011, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.