Атырау, 24 желтоқсан 04:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қысқа қайырғанда

1 986 просмотра

Сенбі күні кешкісін Ресей шекарасында полицейлер «Тойота» автокөлігінің жолаушысын тексеріп, сөмкесінен 93 дана киік мүйізін тапқан. ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-бабы (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Сейсенбіге қараған түні «Мигрант» операциясының барысында Привокзальныйда криминалдық полиция қызметкерлері осы жерде уақытша тұратын Саратов облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап оған РФ ҚК-нің 131-бабында (Зорлау) қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен федералдық іздеу жарияланған екен.

 

«Мигрант» операциясы басталғаннан бастап екі күн ішінде: шетел азаматтарының келу ережесі – 300-ден аса, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесі – 20, ҚР азаматтарын құжаттау ережесі – 100 шақты заң бұзушылықтар анықталған. Полиция қызметкерлері 200-ден астам пәтерді, саяжайлар мен салынып жатқан ғимараттарды тексеріп, іздестіру жарияланған 7 адамды ұстады. Қазақстан Республикасының 6 азаматы, Орта Азия елдерінен шыққан 300 тұлға және алыс шетелдерден келген 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылдағыш орнына 28 адам қамалып, ел аумағынан 5 адам шығарылды.

2 желтоқсан 2011, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.