Фото Facebook-тегі жеке парақшасынан.Мұнай баррелінің 41 доллар болғанынан 39 доллар болуы ҚР жер қойнауын пайдаланушылары үшін тиімді. Бұл туралы бүгін BRB Invest ЖШС директоры Ғалым ХҰСАЙЫНОВ өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол өзінің постын Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылар салығының ерекшеліктеріне арнады.
«Мұнай бағасының біраз өсуі алдында жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ҚР салық кодексінен бір-екі керемет фактілерді келтіре кетейік: сіз білесіз бе, біздің жер қойнауын пайдаланушыларымыз үшін мұнай баррелінің 41 доллар болғанынан 39 доллар болғаны тиімді. Және тағы да біздің жер қойнауын пайдаланушыларымыз үшін жылына 501 000 тонна мұнай өндіргеннен 499 000 тонна өндірген тиімді. Уран өндіру компанияларында бірдей көлемде уран өндірілген жағдайда салық көлемі түрліше төленеді, айталық кен орнының қоры аз болса, компания соған қарамастан барынша артық төлейді.Сондай-ақ, әрі қарай қайта өңдеумен айналысатын кейбір жер қойнауын пайдаланушыларымызға үстеме пайда үшін салық қолдану қиын екендігін білесіз бе?
Міне, бұл біздің Салық Кодексіміз».
Біз Ғ.Хұсайыновтан әрбір тармақ бойынша түсінік беруін өтіндік.
– Қалайша мұнай баррелінің 41 доллардан 39 доллар болғаны тиімді? Және 500 мың тоннадан асырмаудың тиімділігі қандай?
– Рентті салықтың мөлшерлемесі мұнай бағасына қатысты өзгереді. Бір баррель үшін 40,01 доллар болғанда салық 7%, ал 39,99 болғанда 0% болады. Сондықтанда экспорттаушы үшін таза баға баррель үшін 40,01 доллар болғанда 37,2, ал 39,9 – 39,92.
Өндіру көлеміне келетін болсақ, ПҚӨС (пайдалы қазбаларды өндіру салығы. –С.Т.) есептеу барысында да мөлшерлеме өндіру көлеміне қарай өзгереді. 500 000 тоннаға дейінгі мөлшерлеме 7% құрайды, ал 500 000 тоннадан жоғары болса – 8%.
- Сонда мынадай салық шкалаларының салдарынан Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар үшін мұнай бағасының төмен болғаны дұрыс па?
- Тура солай деуге болмас. Айталық, баға 40 доллар болғаннан 45 доллар болғанда да тиімді болады, өйткені, салық құрамы мұнай бағасының өсу есебінен жабылады.
– Сіз уран кен орындарына қатысты мысалдар келтірдіңіз. Ал, мұнай кеніштерінде қалай болмақ? Оларға қордың аз болуынан артық төлеудің қатысы бар ма?
- Уранды өндіру барысында өткізу бағасын есептеу үшін «шығындар-плюс» формуласы қолданылады, яғни, өзіндік құнына 20% қосылады және осы сомадан салық есептеледі. Бұл жерде өзіндік құн уранның өнімді ерітіндідегі құрамына байланысты болатындығын осы саланы жақсы түсінетіндер біледі. Құрамы жоғары болған сайын, өзіндік құны соншалықты аз болады. Сондықтан да кімде құрамы аз, сол компаниялар ПҚӨС артық төлейді. Өйткені, оларда өзіндік құн жоғары. Содан келіп кедей кен орындарына қысым жасалады. Бұның мұнайшыларға қатысы жоқ.
– Одан әрі қайта өңдеумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдасына салынатын салық қалай төленеді?
– Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар мен басқа қызметтерге жеке есеп жүргізіледі. Осыған сәйкес, егер компания өндірген шикізатын одан әрі қайта өңдеу үшін қолданса, онда оны басқа құрылымдық бөлімшеге беретін болса баға 20% шығындар-плюсі бойынша жүргізіледі. Ал, үстеме пайда салығы дәл сол жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігіне сәйкес есептеледі.
– Жақында БАҚ-тардың бірінде 2015 жылғы өндірілген мұнайдың 3,6 млн тоннасының қайда кеткендігі белгісіз екендігі айтылды: «2015 жылы Қазақстан 79,5 миллион тонна мұнай өндірді, оның 61,3 миллион тоннасы экспортталды, 14,6 миллион тоннасын ішкі қажеттіліктер үшін қайта өңдеді және бұл жерде тағы да 3,6 миллион тонна айырмашылық пайда болды. Демек, әрқайсысы 120 тонна болатын 30 мың цистернадан тұратын шартты теміржол құрамы жоғалып кетті. Ал, оның жоғалуын ешкім түсіндіріп бермеді. Бәлкім, сіз түсінік беріп кетерсіз?
- Мұндай көлемдегі мұнайдың жайдан-жай жоғалып кетуі мүмкін емес. Іс жүзінде оған себеп көп: нақты емес статистика, ал, оған есептердің ұқыпсыз берілуі, әсіресе, шағын МӨЗ; қорлардың көбеюін қарау керек – егер қорлар көбейген болса, онда бұл айырмашылық азаюы мүмкін; шикізаттың бөлігі ішкі өндірістік қажеттіліктерге қолданылады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 79,5 млн тонна мұнай өндірілді және 2,3 трлн теңге (салыстыру үшін, 1 желтоқсан 2014 ж. – 3,3 трлн тг) көлемінде міндетті төлемдер мен салықтар төленді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА