Атырау, 18 мамыр 21:07
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жауап алудан кейінгі өлім туралы іс" бойынша үкім шығарылды

3 697 просмотра

Image 0Билiк пен лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланды және өткен жылы жағалауда шам бағанында асылған күйі табылған жас жігітті өз өзіне қол салуға дейін жеткізді деп айыпталған полицейлерге қатысты үкім шығарылды.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың тамызында таңда Жайық жағалауынан, тергеу жорамалы бойынша, өз жейдесіне асылып қалған Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны Антон МАРКОВТЫҢ өлі денесі табылған еді. Өлер алдындағы түнді ол Атырау ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкері Аманжан ДОЩАНОВПЕН және ҰҚКБ қызметкері Аслан ДҮЙСЕНОВТІҢ қасында өткізген. Істе наркологтардың есебінде тұрған Марковқа моральдық және физикалық қысым көрсетіп, құпия ақпарат беруші ретінде полициямен жұмыс жасауға, ал оның қасындағы жастарды пара беруге көндіруге әрекет жасады деген куәгерлік айғақтар бар Жауап алудан кейінгі өлім» мақаласын қараңыз).

Полиция қызметкерлеріне қатысты тергеуді Атырау облыстық арнайы прокурорлар басқармасы жүргізді. Сот отырысы өткен жылдың желтоқсанында басталған еді. Прокурор Эльдар Жидебаев екеуі үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

26 ақпанда Атырау қ. №2 сотының судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙДЫҢ төрағалық етуімен үкім жарияланды. Полиция аға лейтенанты А.Дощанов пен сержант А.Дүйсенов ҚР ҚК-нің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша кінәлі деп танылды. Дощановқа мүлкін тәркілеумен қатар 6 жыл, Дүйсеновке - мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Олар жалпы режимдегі колонияда жазаларын өтейтін болады. Олар сондай-ақ, лауазымдық шендері мен ішкі істер органдарында өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Осыған дейін кепілдікте болған екеуі сот залында қамауға алынды.

Үкім әлі күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

26 ақпан 2016, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.