Атырау, 28 қараша 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жауап алудан кейінгі өлім

5 339 просмотра

Image 0Тамыз айында Атырау қаласының жағалауындағы шам бағанасында асылып қалған жас жігіттің атышулы ажалды оқиғасы кездейсоқ жалғасын тапты: қайтыс болған жігіттің екі дос қызы қамауға алынды. Қыздардың адвокаттары оларға өлім қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.

ЕБҚБ-ДАҒЫ ТҮН

23 жастағы Антон МАРКОВ Атырау облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы басқармада (ЕБҚБ) өткізгеннен түннен кейін өлді. Бұған дейін ол ЕБҚБ қызметкерлерімен бірнеше рет кездескен еді.

- Алғаш рет 20-23 жастағы жас адамдарды 30 шілдеде ұстады, - дейді ұсталғандардың бірінің адвокаты Гүлсім САБЫРОВА. – Түн ортасында марқұм Марковты, сондай-ақ, Виктория ШАМШОДИНОВА, Валерия КОЧКУРОВА және Магомед ХОЧУНАЕВТЫ Атырау ықшамауданындағы айналма жолдан таксиден түсіріп алып, ІІД-ге әкелген. Сол жерде есірткі заттарын қолданасыңдар ма деп жауап алып, жігіттерді соғып, қыздарды қорқытқан. Қыздардың бірі ақыры сол кеште Антон (қайтыс болған) есірткі заттарын пайдаланды деп мойындады. Ұсталғандарды сол жерде жалған айғақ берді деп айыптап, қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытқан. ЕБҚБ қызметкерлері А.Д. мен А.Д. егер 400 мың теңге алып келсе, босатамыз деп талап қояды. 300 мыңға дейін саудаласып, қыздарды жіберіп, жігіттер сол жерде қалды. Содан кейін қызметкерлер Шамшодиноваға (менің клиентім) бірнеше рет телефон соғып, параны бопсалаған.

Бұл телефон арқылы сөйлесулердің жазбасы арнайы прокуратураның өтінішімен фонографиялық сараптамадан өтіп, дауыстардың жастарды ұстаған ЕБҚБ қызметкерлеріне тиесілі екенін анықтады.

Марковтың өлімі алдында, 2 тамызда, кешке ЕБҚБ қызметкерлері қаладан қашып кетті деп болжанған Хочунаевтан басқа компанияның барлық мүшелерін жинайды. Шұғыл уәкілдер барлығының үйлеріне кіріп шығады.

- Менің клиентім үйден шыққанда көліктің артында Кочкурова мен Марков отырған еді, - деп сөзін жалғастырды Сабырова. – ІІД-нің 23-кабинетінде дос қыздарының көзінше Марковты аяусыз соғып, оларды прокуратураға айтып қойдыңдар деп айыптайды. Өйткені, алғашқы ұстағаннан кейін Виктория Шамшодинова Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бопсалау жөнінде арызданған еді. Түнде қыздарды жіберіп, Антонды алып қалады.

- Ал, таңғы 6-да оны шам бағанасына өз жейдесімен асылып тұрған жерінен табады, бір түсініксіз жайт, бағанаға арқасын беріп асылған. Қолдарында өткір затпен кесілген іздер (бұлар сәтсіз өзін өзі өлтіруге әрекет ету болып саналады), денесінде ісіктер, атап айтсақ, арқасында үлкен көгерген жер бар. Сағат таңғы 4.10-да телефон шалған апасына ол Балықшыда екенін, үйге келе жатқанын айтқан. Даусында қорқыныш та, күйзелу де болмаған. Туыстары оның өзі-өзіне қол жұмсағанына мүлдем сенбейді, ол күйзелуді білмейтін, өмірді сүйетін, ақ жарқын адам болатын, - дейді зардап шегуші тараптың адвокаты Игорь ВРАНЧЕВ.

КУӘГЕРЛЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?

Адвокат Сабырованың айтуынша, Антон өлген күні Виктория Шамшодинова тағы бір арыз жазды, онда ол оның өліміне полиция қызметкерлерінің қатысы барлығына сенімді екенін білдірді. Тергеумен Атырау облысы прокурорының арнайы прокурорлар басқармасы айналысып жатыр, ал 4 тамыздан бастап арнайы прокуратураның қаулысымен Кочкурова мен Шамшодинова куәгерлерді қорғау бағдарламасына енгізілді. Оларды құпия пәтерге көшіріп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері үнемі қадағалап отырды.

Бір таңғаларлығы, олар қалай Марковтың 40 күндік еске алуына барған және қалай оларды ЕБҚБ қызметкерлері есірткі заттар таратты деген күдікпен ұстаған?

Яғни, қыздарды кімдерден қорғады, солар қамаққа алған. Қыздарды қорғауы керек адамдар бұл кезде қайда болған? Олар өздерінің қорғап жүрген адамдарын қамауға қалай жол берді?

Қыздарға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің жорамалы бойынша, Виктория 29 тамызда марихуана сатқан, ал Валерия мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының қадағалауында жүріп, 7 тамызда сатқан.

10 қыркүйекте олар үш тәулік уақытша ұстау изоляторында отырып, содан кейін сот тергеуші Дәурен АЙДОСЫНОВТЫҢ өтініші бойынша берген прокурордың санкциясын қанағаттандырып, екі ай тергеу изоляторында ұстауға шешім шығарды.

- Тергеу изоляторында қыздар Антонды өзін өзі өлтіруге дейін апарған ІІД қызметкерлерінің қолында 24 сағат бойына болады, суицид фактісінің өзі де күмәнді, - дейді Сабырова. Бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің әрекетсіздігі таңғалдырады, неге олар қазір мында жүгіріп жүрмейді (уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына ауыстыру мәселесі шешіліп жатқан сот ғимаратында – З.Б.) және қорғауларында болған қыздарды қайтарып алуға неге әрекет жасамайды?!

ІС АРНАЙЫ ПРОКУРОРДА

- ЕБҚБ қызметкерлеріне қарсы сотқа дейінгі тергеуді арнайы прокуратура бір айдан аса уақыт бойы жүргізіп келеді, полицейлердің іс-әрекеттеріне әлі баға берілген жоқ. Оларға алғаш шағымданғанда пара үшін бопсалау фактісін дәлелдеген еді. Сондай-ақ, олардың әрекеттерін ҚР ҚК-нің «Билікті немесе лауазымдық құзыретін асыра пайдалану» және «Өзі-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» сияқты баптарына жатқызуға болады. Алайда оларды тергеу кезінде жұмыстан аластатқан да жоқ, - деп өзінің таңданысын жасыра алмады Марковтар отбасының адвокаты Вранчев.

Ұсталған қыздардың адвокаттары Гүлсім Сабырова мен Жамбыл МҰҚАШЕВ осы аптада оларды үй қамаққа ауыстыру туралы апелляция берді, алайда сот қамаққа алу санкциясын күшінде қалдырды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бұл іске қатыстары жоқ екенін алға тартты. Осы ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қылмыстық істі арнайы прокурор жүргізіп жатыр, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері арнайы прокурордың өтініші бойынша зардап шегуші мен куәгерді «қорғаған» («Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңға сәйкес, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік органдарына, қаржы полициясына, әділет, ішкі істер, әскери басқарма және кедендік органдарға жүктеледі).

Істі жүргізуші арнайы прокурор Сырым АҚБОЛАТОВ қандай да болсын түсінік беруден бас тартқандықтан, қыздарға қатысты Заңда көрсетілген қандай қауіпсіздік шаралары қолданылғаны туралы білудің сәті түспеді. Алайда адвокаттар қандай жағдай болса да өздерінің тікелей міндеттемелерін орындамаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері жауапқа тартылуы тиіс екеніне сенімді.

Арнайы прокурор Ақболатов Шамшодинованың арызы бойынша ІІД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ғана растады.

- Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қатысты іс бізге, арнайы прокурорлар басқармасына берілді. Алайда, әзірге тергеу жүріп жатқандықтан нақты ештеңе айта алмаймын, құқығым жоқ, - деді ол телефон арқылы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.