Атырау, 4 мамыр 09:12
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Шайыңызды үрлеп ішіңіз

3 200 просмотра

Image 0Онкологтар Атырау облысында асқазан мен тік ішектің қатерлі ісігінің таралуына біздің тұзды тағамға, соның ішінде сүр етке деген әуестігіміз себеп болатындығына күмәнданбайды.

Соңғы кездері дүние жүзінде онкологиялық сырқаттар арасында сүт безінің қатерлі ісігі көш басында тұр. Бұдан бұрын бұл тізімде өкпенің қатерлі ісігі бірінші орында болатын.

Бірақ біздің облысымызда ахуал анағұрлым басқаша, көбінесе асқазан-ішек жолдары мен өңештің қатерлі ісігі көп тіркеледі. Бұған экология немесе басқа факторлар кінәлі емес, дәлірек айтқанда, тамақтану әдеті себеп болады.

– Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары біздің облыстың тұрғындары тұзды тағамдарды өте көп пайдаланады және ыссы, тіпті, ауыз күйдіретін шай ішеді деп есептейді. Басқа өңірдің өкілдері біздің бұл әдетімізге қатты таң қалады, - дейді онкологиялық диспансер емханасының меңгерушісі Азамат АЙТУАР.

Алайда, дәрігерлер көп жағдайда пациенттердің өздеріне сырқаттың ерте кезеңінде келетіндігін, көбінесе, скринингтің арқасында анықталатындығын қуана атап өтеді.

Естеріңізге салсақ, алғашқы скринингтік бағдарлама Атырау облысында 2008 жылы басталған еді. Ол сүт безінің қатерлі ісігін анықтауға арналған болатын. Тексерілуге араға екі жыл салып, 50-ден 60 жасқа дейінгі әйелдер жіберіледі. 2011 жылы жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтау бойынша скрининг іске қосылды. Оған 30-дан 60 жасқа дейінгі әйелдер жіберіледі. 2012 жылы ішектің қатерлі ісігін анықтау (50-ден 60 жасқа дейін) бағдарламасы басталды. 2014 жылы асқазан және өңеш, қуықалды без, бауыр бойынша үш бағдарлама іске қосылды. Соңғысы бойынша скринингке вирустық және вирустық емес гепатит бойынша есепте тұрған пациенттер жіберіледі. 1-10 ақпан аралығында өткен онкосырқаттар бойынша өткізілген онкүндік кезінде де келушілер көп болды. Тұрғындардың көпшілігі акция туралы біздің сайтымыз арқылы білген екен. Кейбір кәсіпорындар ұжым болып тексерілуге барған.

Онкүндіктегі тексерілу кезінде пациенттердің гастроскопия, колоноскопия, мамография, томографиядан өтуге мүмкіндіктері болды. Осы уақыт ішінде 325 адам тексеруден өтті, «қатерлі ісік» диагнозымен 13 бастапқы пациент және қатерлі ісікалды сырқатымен 37 пациент анықталды.

– Дәрігерлер пациенттердің өздеріне өте кеш келетіндігіне үнемі алаңдаушылық білдіреді. Ал, бұл жолы пациенттер ағылып келген. Біз анағұрлым саналы бола бастадық па?

– Бәрі бірдей емес. Бірақ біздің скринингтер, дәрістер өткізетініміз пациенттердің санасына емес, дәрігерлерге қатты әсер етеді. Медиктер арасында «онкологияға қырағылық таныту» едәуір артты, сәл күмән болса, олар пациенттерді тексерілуге жіберуге тырысады. Ал, егер асқынған жағдайларға келер болсақ, бұл, негізінен, ауданнан келетін пациенттерге қатысты. Қыста жол бұзылған уақытта жету қиын болатын елді мекендердің, мәселен, Құрманғазы ауданының Балқұдық, Алға селоларында үйден шығуға мүмкіндіктері жоқ. Көлік болмағандықтан емес. Жол жоқ болғандықтан. Менталитет те әсер етеді. Кейбір адамдарды операцияға, химиотерапияға ұзақ көндіруге тура келеді. Отаға қатысты теріс түсініктері көп және «жоқ, пышақ тигізбеймін» деп үзілді-кесілді бас тартатын егде жастағы адамдар ғана емес, жас адамдар да солай. Дегенмен, Еуропада мұндай пациенттер жоқ екен деп ойламаңыздар. Ондай жандар шетелде де табылады.

– Кейбір пациенттер арасында Атырауда қойылған қорқынышты диагноздың басқа қалаларда расталмайтындығы туралы әңгімелер көп жүреді.

– Менің тәжірибемде ондай болып көрген жоқ. Пациенттермен жұмыс жасау бойынша жалпы қазір республикада біз алдыңғы қатарлардың біріндеміз. Ал, «сырттан» ота жасататындар бірен-саран. Қазіргі уақытта біз онкологиялық қызмет бойынша өңешке, ішекке, асқазанға, несеп-жыныстық жүйеге, гинекологияға оталар жасаймыз. Ал, ағзаларды ауыстыру және бас миына оталарды Астана мен Алматыдағы орталықтар ғана жасайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.