Атырау, 27 қараша 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жаңа құрылыс оң жағалауды қамтиды

1 837 просмотра

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 2011 жылда көзделген құрылыс барысы туралы баяндады.

Жұмыс жасап тұрған балабақшаға жалғап салынған қосалқы құрылыстың 10-ы пайдалануға берілді, ол 1 155 орынға кеңейтуге мүмкіндік берді. Жыл аяғына дейін тағы да 2 балабақшаға салынған жалғама құрылысты аяқтау жоспарланып отыр. Олар пайдалануға берілген кезде балабақшадан орын алуға берілген өтініш кезегі тағы да 680 орынға азаятын болады.

Көшені жарықтандырудың 28 шақырымдық желісінің құрылысы аяқталды. Жарықты түнгі мезгілде 22 көше алып отыр. Пайдалануға 10 тұрғын үй берілді. Оларда барлығы – жалпы алаңы 23 417 шаршы метр болатын 420 пәтер бар. Жыл аяғына дейін тағы да жалпы алаңы 46 388 шаршы метр болатын 820 пәтерлік 17 тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. 

Облыстық прокуратураның кеңсе үйі, 73 спорт алаңдары және 50 балалардың ойын алаңдары салынды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Береке селосы (Памятъ Ильича) ауданында №5 тәулігіне 50 мың текше метр қуаттылықпен ауыз суды сүзгілеу стансасын іске қосу жоспарланған болатын. Бұл жоба Атырау қаласы халқының санының өсуімен байланысты қолға алынған еді, енді ол Атырау қаласының оң жақ жағалауын ауыз сумен қамтитын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қараша 2011, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.