Атырау, 23 қараша 16:54
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ПИК-сіз қыста қиын болады

2 275 просмотра

Қарашаның аяғында термометр бағандары -15 градусқа дейін төмендеді. Осы уақытта, «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВТЫҢ айтуынша, қалада тек бір үйге – Баймұханов, 43 мекен-жайында ғана жылу берілмеген.

Жылу шаруашылығы басшысының пікірінше, осы үйдің мысалы сабақ боларлық екен. Тұрғындар үйге қызмет көрсету үшін және қысқа дайындалу үшін ПИК құрмаған. 18 қарашада суық алғаш түскен кезде үй жертөлесінен ыстық су кете бастап, жылу беруді тоқтатуға тура келіпті.

Апаттан кейін тұрғындарға ақша жинап, жөндеу жүргізуге мәжбүр болған. Қалалық әкімдік тек жертөледен суды сорып шығаруға ғана жәрдемдескен. 24 қарашада барлық ақаулы тұрбалар ауыстырылғаннан кейін, үйге қайтадан жылу берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қараша 2011, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.