Атырау, 6 қазан 12:30
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Сименс» – өткеннің еншісінде қалды

2 259 просмотра

Абоненттерден төлемді жинаумен айналысатын «АтырауЭнергосату» ЖШС электр есептегіш  құралдары үшін ваучерлердің сатылуының тоқтатыландығы жөнінде хабарландыру таратты.

Мыңдаған «Сименс» есептегіштерін тәжірибе ретінде абоненттерге сонау 1999 жылы «Атырауэнерго» орнатқан болатын. Осы «сименстерді» қолдану барысында электр үшін алдын ала төлеу талап етілді, бастапқыда халық наразылық білдіргенімен, артынша «үнемді» есептегіш қалалықтарға ұнап қалған еді.

«АтырауЭнергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВАНЫҢ айтуынша, қазір мыңдаған «сименстердің» жартысы істен шықты. Осы есептегіштерді «қоректендіруші» ваучерлер тек бір ғана айға қалды. «Сименстерден» бас тартуға басты себеп, олардың нақтылығына күмән болды.

«Атырау-Жарық» АҚ метрологиялық қызметінің бастығы Қайрат АТЫХАНОВТЫҢ айтуынша, бұл есептегіштер үшін тексеру интервалы 10 жылды (12 жыл өтіп кетті) құрайды, алайда зертханада мұндай тексеруді жүргізу үшін қолданылатын арнайы есептегіш жоқ.

-«Сименс» есептігіші бар қалалықтардың барлығынан оларды кәдімгі электр есептегіштерімен ауыстыруды сұраймыз, дүкендерде олардың бағасы 3 мың теңге,- дейді Э. Исембергенова.

-«Сименстер» үшін ваучерлердің бітіп қалуын күтудің қажеттілігі жоқ. Кімнің есептегішінде қолданылмаған энергия қалдығы қалды, оны біз артық төлеу санатына енгізуге дайынбыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қараша 2011, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.