Атырау, 7 қараша 15:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Қытай отбасыларына екінші бала дүниеге әкелуге рұқсат етілді

2 641 просмотра

БЕЙЖІҢ. Қарашаның 28-і. BNews.kz – Халық аса тығыз орналасқан қытай правинцияларының бірі, адам саны 90 млн-ға дейін баратын Хэнаньда жергілікті билік отбасында екінші баланың дүниеге келуіне салынған тыйымды бірте-бірте алып тастау жөнінде шешім қабылдады.

Жаңа заңға сәйкес, екінші бала туу мүмкіндігі туған ағасы немесе бауыры болмаған ата-аналарға беріліп отыр, деп жазады ВЕСТИ.ru People’s Daily Online-ға сілтеме жасап.

Осылайша, Хэнань провинциясы аталмыш тыйымды бірбалалы отбасында өскен жұптар үшін алып тастаған соңғы аймақ болып табылады.

Жергіліктің БАҚ-тың хабарлауынша, аталмыш «демографиялық» заңды жеңілдету 1980-жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан «бір бала саясатының» өз-өзін ақтай алмағандығын мойындаған ел басшылығы үшін тарихи шешім болып табылады. Статистикаға сәйкес, екінші баланың тууына салынған тыйым Хэнаньді 33 млн сәбидің дүниеге келуінен «құтқарған». Осыған қарамастан, провинцияның халық саны қарқынды өсу үстінде. Болжам бойынша, 2020 жылы Хэнань тұрғындарының саны 107 млн адамға жетуі мүмкін.

29 қараша 2011, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.