Атырау, 23 қараша 17:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үздік монета үшін сыйақы – 750 мың теңге

2 660 просмотра

Үздік монета дизайнына жарияланған конкурс 10 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Естеріңізге салсақ, еліміздің Ұлттық банкі «Халық монетасы» және «Балалар монетасы» номинациялары бойынша конкурс жариялады.  Конкурсқа қатысқысы келушілердің көптеген өтініштері бойынша жұмыстарды қабылдау уақыты 10 желтоқсанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, сыйлықтар мөлшері де жарияланды: ересектер үшін 750 мың теңге және 10-нан 14 жасқа дейін балалар санатындағы жеңімпазға 500 мың теңге. Конкурс қорытындысын 2011 жылдың 15 желтоқсанында өткізу жоспарланып отыр.

«Конкурсқа ұсынылған монета дизайнының жобалары құрамына танымал қоғам және саясат қайраткерлері, жетекші қаржыгерлер, еліміздің шығармашылық зиялы өкілдері кірген конкурстық комиссияда қаралатын болады», - дейді «ҚР Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс бөлімінің жетекші экономисі Ғазиза ТАРИХОВА. Қатысу өтініштері мен конкурстық жұмыстар қағаз түрінде де (конвертке салынған), электронды түрде де 050040, Алматы қаласы, Көктем-3 ықшам ауданы, 21 үй мекен-жайына жолданады. Конкурстың шарттары мен ережелері туралы толық ақпаратпен ҚР Ұлттық Банкі Форумынан  (www.profinance.kz) танысуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қараша 2011, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.