Өткен жылы «Даму» қорының Атырау филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде 6 млрд 247 млн теңге сомада бизнесті субсидиялау туралы 82 келісімшартқа қол қойылды.
Филиал директоры Әлия ӨТЕПҚАЛИЕВА көрнекі мысалдардың бірі ретінде «Жаңа Өндіріс» ЖК-ін атады. Жас жігіттер ескі автомобиль дөңгелегінің тысын қайта өңдеу жөніндегі бизнес-идеяны резіңке ұнтағынан жасалған кеспе тас дайындайтын толыққанды цехқа дейін дамытып жобалаған.
2015 жылдың наурызында «Жаңа Өндіріс» директоры Амандық Жайбергенов банктен 14 пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 млн теңге мөлшерінде несиелік қарыз алды. Оның 7 пайызын мемлекет қаражаттандырады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде ол 7 000 000 теңге мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігін алды, бұл оның қарыз сомасының 70 пайызын құрады. Ол бұған резіңке төсем дайындайтын жабдықтар сатып алды.
Бүгінде кәсіпорын жеке үйлер мен балабақшалардың аулалары үшін айына 1 000 шаршы метр жабын шығарады.
Өткен жылдың аяғында Қазақстанда 15-ші болып (Атырау облысында алғашқы) доктор Бубновскийдің әдісі бойынша омыртқа мен буындарды кинезитерапиялау орталығын ашқан «Барс Компани» ЖШС тағы бір мысал бола алады. Маусымда олар банктен жылдық 14 пайызбен 48 000 000 теңге сомада несие алды. Оның 7 пайызын «Даму» қоры арқылы мемлекет субсидиялайды. Бұл ақшаға медициналық жабдықтар сатып алынып, құрастырылды.
Бүгінде Орталықта Мәскеуден тиісті оқытудан өткен 16 маман жұмыс істейді.
Филиал жанында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнестің қыр-сырына оқытатын Start-Up Bolashak курстары өткізіледі. 2015 жылы курстар аяқталғаннан кейін 12 стартап алқа мүшелерінің алдында өз бизнес идеяларын таныстырды. «Өңделген шикізаттан хош иісті қаптама панель өндіру және сату» жобасымен Серік ТАПЕКОВ жеңімпаз атанды. Ол Атыраудағы жетекші кәсіпкерлерден гранттық қолдауға ие болды.
– Бізде «Даму – Көмек» бағдарламасы да бар екенін атап өту керек. Ол мүмкіндіктері шектеулі жандарға өз бизнестерін ашуға мүмкіндік береді, - дейді Өтепқалиева. – Біз бұл жағдайда қаржыландыруды ұсынбаймыз, бірақ кәсіпкерлер мен ықтимал демеушілер және кредиторлар арасын байланыстырушы боламыз. Мәселен, 2015 жылы физикалық тұрғыда мүмкіндіктері шектеулі әрекет етуші және ықтимал кәсіпкерлер демеушілік көмекке ие болды.
Тамара СУХОМЛИНОВА