Атырау, 23 қараша 17:01
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қар түскенмен техника әлі жоқ

2 063 просмотра

Коммуналдық қызметтер тазалап үлгермеген қар қалың қабатқа айналды.

Оның үстіне жүргізушілерге -15 градусқа дейін суытқан аяз проблема тудырды. Өздерінің темір тұлпарларының «аяқ киімін ауыстырып» үлгермеген автокөлік қожайындарының көпшілігі тайғақ мұзбен жүруге тәуекел етпеді.

Естеріңізге салсақ, қазан айының аяғында Арнаулы автобаза директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВ өз кәсіпорнының қысқы маусымға дайын екендігіне сендірген болатын. Солай шығар. Дегенмен, қала көшелерінен мақтауы жеткен жаңа техникалар көрінбеді. Қолдарына күрек ұстаған гастарбайтерлер ғана қар тазалап жүр. Алайда «Арнаулы автобаза» КМК директорының міндетін атқарушы Заурбек ЖАЙРЫБЕКОВ сәрсенбінің кешінен бұрқасын басталғаннан бастап жұмысқа кіріскендерін айтады.

Қалада 23 арнайы техника – тракторлар, тұз ерітіндісі бар цистерналар, тиегіш машина мен самосвалдар жұмыс істеген. 3 жүк көлігі жол бойына топырақ сеуіп, қала көшелеріне 200 тонна тұз ерітіндісі шашылған. Көшелерге штаттағы аула тазалаушылардың барлығы – 350 адам жұмылдырылып, 4 учаскеде еңбек етіпті. «Қолымыздан келгенше тазаладық», - деп сөзін түйіндейді арнаулы автобаза басшысы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген В. Истомин

25 қараша 2011, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.