Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 2012 жылы 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы және жеке секторлар үшін инженерлік желілерді жүргізу жалғаспақ.
Тұрғын үй құрылысы екі бағытта жүргізілетін болады. Оның бірі «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы сатылатын несиелік тұрғын үй және екіншісі жалға берілетін үйлер. Жаңа тұрғын үй құрылыстары күрелген апатты үйлер орнына салынбақ.
2012 жылы жалпы алаңы 90 мың шаршы метрден артық 28 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тасқала-2, Тасқала-3, Құрманғазы-2, Ракуша-2, Жұмыскер-1 поселкелерінде электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы, сондай-ақ, Бірлік, Атырау, Еркінқала, Ақжар, Дамбы, Ақсай, Өркен-2, Жаңа Сарқамыс, Томарлы-2, Жұлдыз-3, Талғайран, Водников-2 және Көк-Арна поселкелеріндегі жаңа үйлерді электрлендіру жалғасатын болады. Береке поселкесі маңындағы №5 сүзгілеу стансасы пайдалануға берілгеннен кейін әрқайсысы тәулігіне 30 мың текше метр ауыз суды дайындауға есептелген №1 және №2 сүзгілеу стансалары қайта жарақтандырылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ