Атырау, 16 қараша 20:40
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Бізді асырап отырған кімдер?

1 661 просмотра

17 қарашада облыстық әкімдікте ауыл шаруашылығы озаттарына құрмет көрсетілді.

Алдымен статистикаға тоқталсақ: мүйізді ірі қара саны – 194,3 мың бас, қой мен ешкі – 741,5 мың, жылқы – 54,3 мың, түйе – 35,7 мың. Ет өндіру – 32,4 мың тонна, сүт өндіру – 46,3 мың тонна. Биылғы жылы 605 мың тонна шөп қажет болып, 650 мың тоннадан астам шөп дайындалған.

Өсімдік шаруашылығында да ілгері басу байқалады. Картоптың қазіргі өнімі 11,8 мың тонна (өткен жылғыдан 15 пайызға көп), көкөністер – 49 мың тонна (10 пайызға көп) және бақша дақылдары – 15,8 мың тонна (32 пайызға көп) құраған.

«АтырауАгроӨнімдері», «Райхан», «Сабыров», «Жұмағалиев», «Дастан», «Сандуғаш», «Кеніш», «Арай», «Бисенов», «Карағаев» секілді ірі шаруа қожалықтары израильдық тамшылатып суару технологиясын жақсы қолданып отыр. Облыста жалпы алаңы 4,5 гектар болатын 12 жылыжай бар. Жыл аяғында жалпы алаңы 3,4 гектар болатын қосымша 5 жылыжай пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, жалпы сыйымдылығы 15,8 мың тонна болатын 24 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеп жатыр. 10,4 мың тонна болатын үш көкөніс сақтау қоймасын іске қосуға дайындық жүргізілуде.

Сонымен, облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасында саланың үздік қызметкерлері аталды. Олар: зоотехник Меңжан МЕҢДЕШЕВ (Құрманғазы ауданы), агроном Өтепберген ЕДІЛБАЕВ (Махамбет ауданы), мал дәрігері Марат ҚУАНЫШӘЛИЕВ (Құрманғазы ауданы), су жолы қызметкері Балатай ЖҰМАБАЕВ («ҚазСуШар» РМК), егінші Амангелді КЕНЖӘЛИЕВ (Индер ауданы),сауыншы Нәзкен САНСЫЗБАЕВА (Жылыой ауданы), шопан Талап ЖАЛМҰХАНОВ (Қызылқоға ауданы). Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы Владимир РОЗМЕТОВ марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қараша 2011, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.