Атырау, 13 желтоқсан 23:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Дамбыда жаңа балабақша ашылды

4 555 просмотра

22 қарашада «NCOC» консорциумы әкімшілік пен Дамбы поселкесінің тұрғындарына «Ынтымақ» балабақшасының тұсаукесерін өткізді.

Балабақша әлеуметтік мақсаттағы және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру аясында NCOC қаржысына салынды.  Билік атынан салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ пен Атырау қаласының әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ қатысты. Консорциум атынан сыртқы байланыс жөніндегі директор Пьер ДЕЛЬПОН сөз алды. Ол 1998 жылдан бастап консорциум Атырау облысындағы әлеуметтік жобаларға 90 млрд теңгеден астам қаржы бөлгендігін атап көрсетті. 

Б. Дәукенов пен М. Есмұратов кең дәлізі мен холлы, заманауи талаптарға сай келетін, оқшауланған тамақ әзірлейтін блогы бар ғимараттың стандартты емес жобасын атап өтті. Алайда әкім орынбасары мердігерлердің назарын ғимарат пен дәліздің ортасындағы балалар сүрінуі мүмкін биік баспалдаққа аударды. Ал Есмұратов балалар алаңына газон төсеуге ұсыныс жасады: «Әйтпесе, жаңбырлы күні топырақ езіліп, жазда шаң көтеріледі», - деді ол.

Мердігер «БатысАльянсСтрой» ЖШС компаниясының басшысы Әділ ЖҰБАНОВ жұмыстың 340 млн-ға орындалғанын хабарлады:

– Барлық коммуникациялар қосылған және дұрыс жұмыс жасап тұр. Таяу күндерде нысан жергілікті билікке берілетін болады.

Дамбы селолық округінің әкімі Ғалымжан ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, қазіргі кезде поселкеде 3 200 адам тұрады. Сондықтан балабақша өте қажет болған екен.

– Дамбының кішкентай тұрғындарынан басқа оған көршілес «Атырау» селолық округінің балалары да барады. Ол жерде де, айтпақшы, балабақша құрылысы басталды.

Жаңа балабақша меңгерушісі Римма ОРЫНТАЕВА оған 2-ден 5 жасқа дейінгі 160 сәбидің баратындығын хабарлады.

Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде балабақшаға 3-тен 5 жасқа дейінгі 7 мың бала кезек күтіп отырған көрінеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

24 қараша 2011, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.