Атырау, 24 қараша 00:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кұл базары: алғашқы әрекет немесе соңғы мүмкіндік пе?

3 504 просмотра

Мұнда өмір таңның атысынан кештің батысына дейін қыз-қыз қайнап тұр. Бәсекелестер қатарынан 20 жастағы жігіт пен 52 жастағы отанасын да таба аласыз. Бір қарағанда, автобус күтіп тұрғандай топталып тұр ма дерсің... Әйелдер бір бөлек, ерлер бір бөлек. Ал тоқтай қалған көлікке әлгі  20 жастағы жігіт те, 52 жастағы әйел де жарыса жүгіреді... 

Халық арасында «Дина» базарының артындағы бұрышты құлбазар деп баяғыда-ақ атап кеткен. Қатты айтылған, бірақ бәріне түсінікті.

– Негізінде, біз, әрине, құл емеспіз, - деп күледі өміріне мәз 35 жастағы Күлайна. – Біз ақшаға жұмыс істейміз ғой. Бірақ, үйреніп кеттік, өзіміз де осы орынды құлбазар деп атаймыз. 

Біз машинадан түсіп үлгермей жатып, жан-жақтан қоршап алғандар сұрақтарын жаудырды. Бірақ, оларға ешкімді жалдамайтынымызды мойындауға тура келді. Керісінше, олардың тіршіліктерімен танысуға және мұнда қалай келгенін білуге келгенімізді айттық. Дәл осы тұста олардың бізге деген қызығушылықтары сейіліп, беттерін жабу үшін бас киімдерін төмен түсірді. Кез-келген еңбек игілікті болса да, жолдың жиегінде тұру ыңғайсыз, мұны бәрі ұғады.

Мұнда Құрманғазы, Қызылқоға аудандарынан келген жігіттер өте көп. Ақтөбе, Оралдан да бар, қалалықтар аз.

– Ал өзбектер қайда кеткен?– дедім мен.

– Оларды енді мұнда майшаммен де іздеп таппайсыз, – деп күледі жігіттер. – Олар бағаны екі есеге төмен түсіретін болды да, біз олардың кетулерін сұрадық. Әрине, сыпайы түрде.

Ал әйелдер арасында мұнда Қарақалпақстаннан келгендер басымырақ. Қазақстаннан ешкім жоқ десе де болады.

– Сізге қандай жұмысты ұсынады?

– Қабір қазуға, іргетас құюға, жүк тасуға, дәнекерлеу жұмыстарын істетуге сұраныс бар. Егер жолымыз болып жатса, ұзақ мерзімге жалдайды – үйді тұрғызуға немесе бұзуға. Әйелдерді көбіне ұсақ жөндеу жұмыстарына (косметикалық жөндеу) алады -  майлап-сырлау, әктеу, сырлау, үй тазалау.

Шырын апаның жасы 50-ге таяп қалған. Оның алты баласы бар. Өзі Қарақалпақстаннан. Туған ауылында ешқандай жұмыс жоқ. Сол себепті де табыс табу үшін Атырауға келген. Осында тұрғанына да бір жыл болды. 

– Аллаға шүкір, мені әлі ешкім алдап көрмепті. Мүмкін, өзім де адал әрі өз жұмысымды таза істейтін болғасын шығар.

Ал Абдрахман Құрманғазы ауданынан келген. Қазір дәнекерлеуші мамандығын сол ауданда меңгеру үстінде. 

– Мен жұмысқа орналасып едім, бірақ, бірнеше уақыттан бері бізге жалақымыз төленбей отыр. Менде тіпті үйге кейін қайтуға жолға ақша да жоқ.  Осылайша уақытша болса да құлбазарда тұрып, ақша таппақпын.

Кейде жақсы тапсырысты күтіп бір күн бойы жұмыссыз тұрады. Егер ақшалы клиент келсе, онда ол үшін кәдімгідей талас басталады. Мұнда әлсіздер шыдамайды. Жаздың аптап ыстығында және қыстың қаһарлы суығында бір күн бойы тікеңнен тұрып көр. Босаңсуға болмайды, кім жолға жақынырақ тұрса, соның мүмкіндігі көбірек.    

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

16 қараша 2011, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.