Атырау, 23 қараша 05:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Фрау Хайнтц: «Жатпаңыздар, қозғалу керек»

3 748 просмотра

Image 0Анет ХАЙНТЦНауқастарды оңалту емімен айналысатын «Болашақ-К» қоғамдық қорының қызметкерлері «Өмірге оралу» жобасын іске қосқаннан бергі қол жеткізген нәтижелері туралы баспасөз конференциясын өткізді.

СЕМИНАРЛАР МЕН ТРЕНИНГТЕР КӨП

Атырауда ерте оңалту қызметін ұйымдастыруға бағытталған осы жобаны жүзеге асыру «Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының қолдауымен мүмкін болды. «Болашақ-К» ҚҚ директоры Жібек БИСЕНОВА жобаны жасау тарихы туралы айтты. Қазіргі уақытта оңалту шараларын тез арада бастауды талап ететін инсульт, жарақат алу, жүрек-қан тамырлары және басқа да ауыр дерттерден кейін оңалту емін жасау мәселесі тек Атырауда ғана емес, бүкіл Қазақстанда да өзекті болып тұр. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, бұл шараларды барынша ерте бастаған жақсы. Алайда қазақстандық тәжірибеде оңалту орталықтары мүгедектік ресімдеген науқастарды ғана қабылдайды. Бұл бірнеше айларға созылады. Ал бұл ағза қызметтерін қалпына келтіруге арналған алтын уақыт зая кетті деген сөз. Сондықтан да Болашақ оңалту шараларының жарақат алғаннан 2-3 күннен кейін немесе ауруханадан шыққаннан соң бірден басталуына қол жеткізбекші. Бұл жерде де көп маман керек. Сондықтан да науқас адамның туыстарын үйретуге шешім қабылданды.

«Медициналық реабилитология негіздері» және «Ауыр науқастарға күтім жасау» тақырыбында барлығы 22 оқыту семинары өтті. Ауыр науқастармен жұмыс – бұл тек физикалық қана емес, үлкен психологиялық жүк. Сондықтан да «Эмоционалдық күю» және «Науқаспен әңгімелесу» тақырыбында 16 психологиялық тренингтер өткізілді. Оқудан «Болашақ-К» медициналық орталығының емдеу дене тәрбиесі нұсқаушыларын, қалалық емханалардың медбикелерін, медициналық колледж студенттерін, жұмыссыз медициналық қызметкерлерді және науқастардың туыстарын қосқанда барлығы 327 адам өтті. Жоба барысында Астанадағы Республикалық оңалту орталығы және Алматыдағы «Аспасия» оңалту орталығының базасында екі оңалтушы дәрігер, үш емдеу дене тәрбиесі нұсқаушысы (ЕДТ) және физиотерапия кабинетінің медбикесі дайындалды. Сонымен қатар, екі оңалтушы дәрігер мен алты ЕДТ нұсқаушысы неврологиялық науқастардың өзі-өзін күту қабілеттерін, қимылын, сөйлеуін қалпына келтіру технологияларына профессор Валида ИСАНОВАНЫҢ («Атлант» нейроортепедиялық костюмінің авторы) авторлық технологиясы бойынша шеберлік дәрістерінен өтті.

АУРУДАН ҚҰТЫЛУ

Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі германиялық маман Анет ХАЙНТЦТЫҢ семинарлары болды. Міне бір жылдан кейін ол Атырауға кері келді.

Оның айтуынша, Еуропа мен Америкада физиотерапия медицинаның құрамдас бөлігі болып табылады және барлық аурулар физиотерапия көмегімен емделеді. Ол неврологияда, гинекологияда, жүрек-қан тамырлары аурулары зардаптарын, тірек-қозғалыс аппараттары ауруларын емдеуде қолданылады.

- Физиотерапия – бұл алдымен қозғалыс. Менің сөздерім осы жердің менталитетімен қайшы келетінін түсінемін. Мұнда адамдар көбіне медициналық препараттарға сенуді үйреніп қалған, олар дәрі ішіп алып, ауру қашан кетеді деп күтіп отырады. Керісінше, адам аурудан кету керек. Сондықтан да оларға неге белсенді қозғалу керектігін түсіндіру қиын, ал олар жатқанды дұрыс санайды, - деп күледі фрау Хайнтс.

Мысал ретінде ол бір атыраулық баланың тарихын айтты. Бес жыл бұрын ол аяғынан оқ тиіп, жараланады. Бытыраның бір бөлігін дәрігерлер аяғынан алды, бір бөлігі аяғында қалған.

Жас жігіт оқ қалқан аяғымен жүруге болмайды деп өзін сендіріп, үйде отырып қалған. Анетке оған бытыра жұмсақ етке кіріп кеткен, ол қозғалып жүруге еш кедергі келтірмейді деп ұзақ түсіндіруге тура келді. Бұл жағдайда ол психологиялық тұрғыдан көп жұмыс жасады. Бұл жерден екі нәрсені көруге болады. Біріншіден, бұл жағдай бізге аурумен күресудің орнына оңай беріліп қоятынымызды көрсетеді. Ал екіншіден, Анет өз мақсатына бәрібір жетті: оңалту сәтті өтіп, біраздан кейін науқас Орталыққа өз аяғымен келді.

Анет өзінің екінші сапарында бұлшық еттердің биомеханикасы бойынша теориялық курстар беріп, практикалық дәрістер өткізді. Дәрістердің кезінде науқастарға кинезотерапия (түрлі тірек-қимыл аппараттарының бұзылуын емдеудің оңалту әдістемесі) жасалды. Семинардың негізгі тақырыптарының бірі қазір көптеген балалар ауыратын сколиоз болды. Шетелдік маманның айтуынша, сколиозды толықтай емдеуге болады, алайда оған жылдар мен физиотерпевттің, бастысы науқастың тұрақты жұмыс жасауы қажет.

Тәжірибе мен білім жинақтаған «Болашақ-К» енді науқастарды үйлерінен емдеуге кірісіп, бұл үшін оңалту бригадалары құрылды.

- Екі аптада біз біраз нәтижелерге қол жеткіздік, - дейді БЦС-пен ауыратын кішкентай науқастың анасы Анастасия МЕНЬЩИКОВА. – Дима қолымен жер тіреп, көтеріліп, өзі отыратын болды.

Бүгінде алты БЦС-пен ауыратын науқас, үш инсеульттан кейін аяқ-қолы салданған, үш омыртқасы жарақаттанған, бас мишығына ота жасалған бір науқас, жеті сколиозбен ауырытын, бес майтабанды, бір омыртқасында еті өскен науқас оңалту курсынан өтті. БЦС-пен ауыратын балалар қолын тіреп, жатқан орнынан тұрып, оңға және солға бұрыла алатын болды. Науқастар өздерін жақсы сезініп, өмірге құштарлықтары артты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

10 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.