Батыс өңірлік аэромобильді шұғыл құтқару отрядының (БӨАШҚО) Бірлік ауылындағы базасында Ашық есік күні өтті.
Құтқарушыларға Атырау агротехникалық колледж студенттері мен Боран Нысанбаев атындағы мектептің (Бірлік ауылы) жоғары сынып оқушылары қонаққа барды. Іс-шараны БӨАШҚО бастығы Бахтияр ҚАДЫРХАНОВ ашып, балаларға қызметтің құрылу тарихын таныстырып, адам өмірін құтқару кезіндегі ерлік пен кәсіпқойлық үлгілерінен мысалдар келтірді.
Қызметкерлер техникаларды көрсетіп, құтқару жабдықтарының қалай қолданылатынын, арнайы құралдардың қандай жағдайларда пайдаланылатынын көрсетті. Балалар су астында киетін костюмдерді киіп көрді. Б. Қадырханов құтқарушы болғысы келетіндер үшін елімізде ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтының бар екенін еске салды. Қонақтар өз кезегінде құтқарушыларды қазан айында тойланатын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті БӨАШҚО ұсынды