Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Жеңгетайлар» біреудің балаларын аямады

2 975 рет қаралды

Атырау облыстық кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген екі «жеңгетайды» 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушылардың бірі балаға күтім жасайтын жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, Оралдан Атырауға он алты жастағы және он жеті жастағы екі қызды алып келеді. Алайда күтушілік жұмыстың орнына сыбайласы екеуі жасөспірім қыздарды қала сауналары мен қонақ үйлерінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Жеңгетайлар оларға клиент тауып беріп, сыйақы алып отырды. Ал бағынбаса, жазалаймыз деп қорқытты.

Екеуі де 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, алайда кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жаза 5 жылға шегерілді.

Үкім заңды күші енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қыркүйек 2015, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.