Атырау, 29 желтоқсан 22:47
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

"АЖ" анықтамасы: “Халифат сарбаздары”деген кімдер?

10 406 просмотра

Қайдан шыға келгені белгісіз осы  «Джунд аль-Халифат» (араб тілінен аударғанда «Халифат сарбаздары немесе әскері»), Интернетке өздерінің Қазақстан билігіне қоқан-лоқы көрсеткен екі мәлімдемесін жариялаған. Сонда бұның қалай болғаны? Әлде бұл әлдебір арнайы қызметтің жалған айта салған жорамалы ма, әлде ақымақтардың әзілі ме немесе сыртта жүрген терроршылардың, бәлкім, Авангардтағы экстремистердің  бейнетаспаға жазылған нақты мәлімдемесі болғаны ма? Діни экстремизм мониторингімен айналысатын танымал ағылшын тілді  The Long War Journal сайты «Халифат сарбаздарын» дерекқорға жаңа, бұрын белгісіз болып келген жиҺад тобы ретінде енгізіп қойды.

 

«Джунд аль-Халифат» ұйымы Ауғанстан аумағында Хост провинциясында Ауған-Пәкістан шекарасында орналасқан деп жобаланады. Егер бұл сайтқа сенер болсақ, бұл қоқан-лоқы тікелей «аль захир Бейбарс батальоны» мүшелерінің тарапынан жасалып отыр. Оның құрамының басым бөлігін НАТО күштеріне қарсы соғысып жатқан ауған партизандарының қатарындағы қазақ моджахедтері құрайды. Қазақ моджахедтерінің әскери әрекеттері жүзеге асырылатын аудан «Хаккани» талибтерінің ең қауіпті деген жер иелігі болып табылады.

Қазақтар ауғанның соғыс ошағы қайнаған жерінде қайдан жүр? Бұл қазақстандық арнайы қызмет үшін баяғыдан-ақ құпия емес болатын. Оларда «жауынгер-интернационалистердің» әрқайсысына қатысты мәлімет бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын Қазақстаннан, оның ішінде Атыраудан діни білім алу үшін біраз студенттер Пәкістанға кеткен болатын. Олардың көпшілігі сонда жүріп, әлемдік жиһад идеяларын бойларына сіңіріп, халифаттың қалануына үлес қосты. Қазақстаннан Пәкістанға олардың көптеген жақтастары мен достары топ-тобымен аттанып жатты. 2009 жылы ҰҚК Пәкістанға заңсыз өтуге тырысқан  атыраулық алты әйелді балаларымен бірге ұстаған болатын. Олар сотта өздерінің моджахед-күйеулеріне бару үшін әрекеттенгендіктерін мойындады.  

Міне, осылайша Ауған-Пәкістан шекарасында батальон жасақталды. Топтың негізін қазақтар құрайды, олардың саны 100-150 адамнан асады, сондай-ақ, ұйғырлар мен өзбектер және басқалары да бар. Олар үшін халифат қорғаушысы болып есептелетін жерлестері сұлтан Бейбарыстың есімін батальонға беруді атыраулықтардың ойынан туған дегенді жоққа шығаруға болмас.

Не себептен олар бомбыны жаруды дәл осы Атыраудан бастап отыр? Неге олар жоғары билік орталығына айналған Астананы таңдамады?

Мына бір жайтты еске алайық: терроризм үшін қыркүйекте Атырауда ұсталғандарға шетелдегі ислам жанкештілерін қаржыландырып отыр деген де айып тағылды.  Олар Ауғанстан мен Пәкістандағы туысқандары мен достарына ақша аударған деп есептелді. Ауғанстан тарапынан болып отырған қоқан-лоқының Атыраудан келетін қаржының тоқтатылуынан және бұл жердегі тұтқындаулардың жалғасуынан туындауы ықтимал.

Сондай-ақ, өткен жылы қазақстандық жиһадтардың араб шейхі Абу Мунзиру аш-Шинкитиден «кінәсіз мұсылмандарды түрмеге жауып, азаптаушы» жергілікті арнайы қызмет қызметкерлерін құртуға рұқсат алғандығы да белгілі.

Алайда, бәрі де арнайы қызметке аян.  

Азамат МАЙТАНОВ

3 қараша 2011, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.