Жақында қалалық әкімдікте ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағы бастамасымен тай боксы бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құрметтеді.
Қыркүйек айының аяғында Ташкентте болған әлем чемпионатына атыраулық «Қайсар» клубының үш тәрбиеленушісі қатысты. Ищан ҒАЛИЕВ қола медальға, Аль-Фараби ҚОЙБАҒАРОВ «күміске» ие болса, ал, Дидар БОЛАТОВ әлем чемпионы атанды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Нұрберен ӘМІРЖАНОВ, Бағытжан МҰХАМБЕТАЛИЕВ және Айбат РАХМАНДЫ қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті түсірген В. Истомин