Атырау, 29 желтоқсан 23:26
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырауда жалған доллар шығаратын цех табылды

3 017 просмотра

Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан ЕГЕУБЕКОВ брифингте 25 қазан күні қаржы полициясы қызметкерлерінің жалған доллар шығаратын жасырын цехты анықтағандығын хабарлады.

Цех Атыраудағы жеке үйлер-дің бірінің көлікжайында орналасқан болып шықты. Тексеру барысында 2443 дана дайын  жүз долларлық купюр, сондай-ақ, сомасы 280,5 мың АҚШ доллары болатын кесілген қағаз бетшелері табылған.

Жалған ақшалар түрлі баспаханалық өнімдерді дайындауға арналған зауыттан шыққан баспа станогынан шығарылған. «Ал, нақты бір тапсырма бойынша одан ақша да басып шығаруға болады, -деп атап өтті Егеубеков. – Клишелер тәркіленді, сот-техникалық сараптама тағайындалды. Жалған ақшалардың сапасының өте жоғары екендігі көрініп тұр. Ұсталғандардың бұл станокті қайдан алғандары анықталуда».

Атырау тұрғындарының төртеуі қолға түсті, олардың арасында бұрын сотталғандар да бар, алайда, олардың баптары жалған ақша жасаушылармен байланысты емес. Олардың басқа да сыбайластары болуы мүмкін.

Полицейлердің айтуынша, мұндай ірі жалған ақшаның тәркіленуі Атыраудың қылмыстық тарихында бірінші рет болып отырған көрінеді. Күдіктілердің жалған ақшаның қаншасын сатып үлгергендігі жөніндегі сауалымызға тергеу нақты жауап беруден бас тартты.

Бүгінгі таңда барлық ұсталғандар қамауға алынды. Жалған ақшаларды дайындағаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-де  5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Лев ГУЗИКОВ

2 қараша 2011, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.