Атырау, 10 желтоқсан 11:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Достарымды іздеймін!

2 406 просмотра

«Құрметті редакция! Бір кездері байланысымыз үзіліп қалған Қазақстандағы достарымды табуға көмектессеңіздер екен.

Жас кезде шынайы достық орын алады ғой. Бірақ отбасылық өмірдің күйбеңімен уақыт өте келе достық жібі үзіліп қалады. 60 жылдан кейін балалар өсіп, әрқайсысы өз тірліктерімен өмір сүре бастағанда, адам жас кезін аңсайды екен. Бір кездері қол үзіп қалған достарым Валя Железнякова, Валя Кочеткова, Нина Говорова, Люба Стравец, тікұшақ қызметкерлері (Прорвадағы тірек желісін осылардың көмегімен құрған едік) және біз жұмыс жасаған Гурьев қаласындағы (Қазақстан) тату-тәтті болған жатақханамыздың тағдыры не болғанын білгім келеді. Сондай-ақ, Доссорда, Мақатта, Қосшағылда, Құлсарыда, Қаратонда, Прорвада болдық. Кез-келген хабар-ошарға риза боламын. Хабарлассаңыздар.

Зор үмітпен Юлия Дудецкая (геофизикалық экспедицияда жұмыс жасаған),

Феодосия қ., Украина.

Алдын ала алғыс айтамын».

 

Редакциядан:

Ю. Дудецкаяның мекен-жайын редакциядан ала аласыздар.

27-27-83 телефонына хабарласыңыз.

2 қараша 2011, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.