Арнаулы автобаза өзінің жаңа техникасын таныстырды. Жергілікті бюджет «Bucher» фирмасының екі сыпыру-тазарту машинасын сатып алыпты. Бұл швед фирмасының техникасы қала тұрғындарына таныс болатын. Жазда Арнаулы автобаза паркі шағын екі «шаңсорғышпен» толыққан еді.
Бір рейсте 1 текше метр қоқыс жинауға арналған алдыңғы екі техникадан айырмашылығы жаңа «автошаңсорғыштар» бірден 4 текше метрге есептелген. Бұдан басқа, олар тек көшелерде ғана емес, гүлзарлар мен саябақтарда да жұмыс істей алады. Тұтастай сыпырғыш-сорғыш құрылғысынан басқа, бұл агрегаттар бүйірінде қозғалатын ұзын тұтқалы щеткамен жарақталған. Бұл жол жиектеріне жақындамастан, олардың маңындағы қоқыстар мен түскен жапырақтарды жинауға мүмкіндік береді. “IPC Machines” ЖШС-нің саттық жөніндегі менеджері Павел РАЦИБУРИНСКИЙДІҢ айтуынша, қажет болған жағдайда машиналар көшелерге ылғалды тазарту жұмыстарын да жасай алады. Оның жиынтығында сыйымдылығы 1960 литр болатын арнайы су құятын бак бар екен.
Жаңа техника жұмысын бастап та кетті. Бір машина қаланың сол жақ жағалауындағы көшелерді тазартса, екіншісі оң жақ жағалауды тазартуға кіріскен.
«Арнаулы автобаза» КМК директоры Дулат ТҰРҒҰМБАЕВТЫҢ айтуынша, енді тазарту машиналарының атыраулық автопаркінде 118 бірлік техника бар көрінеді. Биылғы жыл басынан бері, жоғарыда айтылғандардан басқа, жалпы сомасы 226 млн. теңгеге 10 қоқыс таситын, 5 суару-жуу машиналары, автомұнара және басқа арнайы техникалар сатып алынған. Әрине, Арнайы автобаза қар жауғанда және тайғақ болған кезде неліктен дәрменсіз боп қалады деген сұрақтың туындайтыны рас. «Биыл алынған бес суару-жуу машиналарын тек жылы кезде ғана емес, қысқы уақытта да көшелерді тазарту үшін пайдалануға болатындай етіп жетілдірдік, - дейді Д.Тұрғұмбаев. – Қазір техниканы қысқы уақытқа дайындап жатырмыз. Жақын күндері баспасөз құралдарының басын біріктіріп, қысқы шұғыл жағдайларға дайындық деңгейімізді көрсететін боламыз».
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген В. Истомин