Атырау, 29 желтоқсан 23:20
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Түрмеден келген тартулар

1 935 просмотра

31 қазанда «Ақ бота» балалар үйіне өзгеше қонақтар – УГ 157/9 мекемесі бастығының орынбасары Мәди ҚАЛБАЕВ пен қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің заңгері Шынар ТЕЛИШЕВА келген еді. Бұл меймандар құрқол келмепті.

Жалпы режимде жазаларын өтеп жатқан тұтқындар өздері бастама көтеріп, өз қолдарымен балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін сыйлықтар дайындапты. Шебер жасалған бұйымдардың ішінде ағаштан жасалған кемелер, нардтар, сандықшалар да бар. Бұл тек басы ғана. Олар алдағы уақытта «Ақ ботаға» үстелдер, орындықтар, екі қабатты кереуеттер, кітап стеллаждары мен сөрелерін жасап беруді жоспарлап отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 қараша 2011, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.