Атырау, 12 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Берген уәде бекем іспен дәлелденсе

2 277 просмотра

Ағзаның ерте қартаюы синдромына шалдыққан Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫ  «Пусть говорят»  хабарынан көрсеткеннен кейін ол туралы кенет жұрттың бәрінің есіне түсе қалды. Нұржан жақында Астанадан елге оралды. Онда ол республикалық жаңалықтар агенттіктерінің біріне кезекті сұхбатын беріп келді.

Нұржанның айтуынша, «Пусть говорят» хабарына қатысып келгеннен кейін онымен көптеген адам байланысуға тырысқан.

- Мен өз телефон нөмірімді ешкімге бергенім жоқ. Олардың барлығы әкеме қоңырау шалуда. Оның айтуынша, маған көмектесуге ниет білдірген  бизнесмендер де хабарласқан көрінеді. Астаналық дәрігерлер де хабарласқан.

- Сен олармен Астанаға барған сапарыңда кеңескен боларсың?

- Жоқ, біз оған үлгере алмадық. Бару-келу билетіміз алынып тұрды. Хабарға түстік те бірден кері қайттық.

 - Пәтер берем деген Атырау қаласы әкімінің уәдесі  қалай болып жатыр? 

- Бізге қажет болған уақытта хабарласатындықтарын айтып қоңырау шалды.

Астанада болған сұхбатта да Нұржан өзінің барлық үміті пластикалық операциямен байланысты екендігін айтып кетті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Операцияға қажетті қаржыны жинау үшін Нұржанның әкесі Ургешбаев Жаңбырбай Бақытғалиұлының атына банктік есепшот ашылды.

Есепшот көшірмесі: KZ656011253000026103

ИИН: 600827301852

РНН: 150610295378

Есепшот валютасы: теңге

Есепшот типі: ағымдағы есепшот

2 қараша 2011, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.