Атырау, 29 желтоқсан 23:26
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

1 қаңтардан бастап ЖИН-сіз күн жоқ

2 717 просмотра

Жұма күні облыстық әкімдікте жеке идентификациялық нөмірге қатысты жағдай талқыланды. Күні бүгінге дейін Атырау облысында оны әлі де 13 мыңға жуық адам алып үлгермеген екен.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттағы 12 цифрсыз өміріміз қиындайтын болады. ЖИН-сіз адамдар зейнетақылары мен әлеуметтік төлемдерін ала алмайды, оларға банк қызметі көрсетілмейді. Мекен-жайға тіркелуде, одан шығу барысында және сатып алу-сату бойынша жүргізілетін келісімдерді рәсімдеген кездерде, елден шетелге шыққанда және басқа да құжатқа қатысты мәселелер барысында қиындықтар туындайды. Азаматтардың құнтсыздығы салдарынан ЖИН тіркеу мерзімі өздеріңіз білесіздер, бұл уақытқа дейін ұзартылып келді, бұл жолы ондай жеңілдіктер жасалмайды. Естеріңізде болса, осы жылдың 1 шілдесінен бастап халықты тіркеу және құжаттандыру міндеті әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне берілді.ІІД бастығының орынбасары Асқар КЕНЖЕҒАРИЕВТІҢ айтуынша, егер 2010 жылдың 1 қаңтарында ЖИН 58 мың адамда болмаса, бүгінгі күні оның қатарын 12 985 адам құрап отыр, оның ішінде 7 527 адам облыс орталығынан.

Салықшылардың дерекқорында ЖИН облыстың 176 мың тұрғынында жоқ делінгенімен, бұл ескі мәлімет. Ал, полицейлер болса,  күні бүгінгі мәліметтермен ақпараттың құпиялылығын сылтау етіп, бөлісуден бас тартып отыр. Бұл мәселені екі ведомствоға жұмыс тәртібі бойынша шешу тапсырылған болатын.

Заңды тұлғалардың идентификациялық нөмірлеріне (БИН) келетін болсақ, облыстық әділет департаментінің бастығы Ернар БЕСПАЕВ былай деп хабарлады:

- Біз барлық заңды тұлғаларға БИН-дерді автоматты түрде бердік. Оны тек әділет органдарына келіп, алу ғана қалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 қараша 2011, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.