Атырау, 11 желтоқсан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

“Сау бол”, саман үйлер!

2 373 просмотра

Облыстық әкімдікте 2011-2013 жылдарда  апатты тұрғын үйлерді күреу жөніндегі бағдарлама таныстырылды.

Облыстың тұрғын үй қоры  11 млн. 417 мың шаршы метрді құрайды. Оның 129 мың  шаршысы апатты деп есептеліп отыр. Тозығы жеткен, апатты үйлерде облыстың 11 508 тұрғыны тұрып жатыр. Және оның көпшілігі селолардың еншісінде. 

Сәулетшілер Мақат ауданының Ескене және Байшонас селоларындағы тұрғын үйлердің жағдайына алаңдаулы. Ондағы үйлердің 80%-дан астамы мұнай игерілген алғашқы жылдары, яғни, өткен ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдары салынған. Бұлар негізінен ешқандай инженерлік желілерсіз салынған саман тасты үйлер, кез-келген уақытта құлап қалуы мүмкін.

Апатты үйлерде тұратын тұрғындарға үй қандай ма болмасын үстеме ақысыз  ұсынылады. Апатты тұрғын үй орналасқан елді-мекенде тұрғын үй болмаған жағдайда жаңасы тұрғындардың келісімі бойынша облыс аумағының  кез-келген басқа елді-мекенді қосындарынан беріледі. 2011-2013 жылдарда апатты үйлерді күреу шараларын жүзеге асыру үшін 12,5 млрд. теңге бөлінетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2011, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.