Атырау, 24 қараша 00:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өткенді еске алсақ...

2 842 просмотра

Бүгінгі күні ешкім де кілемді алғашқы жауған қармен немесе тұздалған орамжапырақ сөлімен тазартпайды.

Бүгінгі күні ешкім де «Тройной одеколонмен» кассетпен жүретін магнитофонның дыбыс түсіргішін сүртпейді. Сондай-ақ,  кассетаның оратылып қалған үлдірін лакпен жалғамайды.

Бүгінгі күні ешкім де сенбілік газеттегі телебағдарламаны қиып алып, ондағы қызықты деген хабарды жіберіп алмау үшін астын сызып қоймайды.

Бүгінгі күні ешкім де капрон колготкиді тігіп алмайды. Күтпеген жағдайларда желімнің тамшысын тигізе салуға болады.

Бүгінгі күні ешкім де колготкилерден ыдыс жуатын губкілер мен есік алдына төсейтін кілемшелер тоқып, оларға екінші өмір сыйлай білмейді

Бүгінгі күні ешкім де туған күнге «гүлді шыттың» қиындысын сыйға тартпайды.

Бүгінгі күні ешкім де сервелатты сәлемдемен алмайды.

Бүгінгі күні ешкім де серванттарында көл қайыршақтарын сақтамайды.

Бүгінгі күні ешкім де автокөліктеріне капельницалардан жасалған шайтанды және аквариум балықтарын іліп қоймайды.

Бүгінгі күні ешкім де көйлектің астынан «комбинация» кимейді.

Бүгінгі күні ешкім де шырпыны терезе әйнегіне немесе шалбарына шырт еткізіп жаққанына мақтана алмайды.

Бүгінгі күні ешкім де жөтелдің нағыз емі банкі салу немесе түнгі бал компресі деп есептемейді.

Бүгінгі күні ешкім де сіріңкені үнемдеу үшін газ плитасының бір камфоркасын үнемі жағып қоймайды.

Бүгінгі күні ешкім де шәугім аузына сүзгіні ілмейді.

Бүгінгі күні ешкім де жамылғы көрпені ортасында тесігі бар тыспен қаптамайды.

Бүгінгі күні ешкім де  полиэтиленді пакеттерді жумайды.

Бүгінгі күні ешкім де жатар алдында сағат қоңырауын қоймайды (адамдардың 95 пайызында оның қызметін ұялы телефондар атқарады, кей жағдайларда ғана қытайдың шіңкілдек сағатын қолданады).

Бүгінгі күні ешкім де нан алу үшін дүкеннің ашылуын күтпейді.

Бүгінгі күні ешкім де кір үтіктегенде аузынан су бүркімейді.

Бүгінгі күні ешкім де өз танысын көргенде оның артынан келіп менің кім екендігімді тапшы дегендей оның көзін жаппайды.

Бүгінгі күні ешкім де қылтанды тіс щеткасын пайдаланбайды. Ал, олар ең арзаны болатын.

Бүгінгі күні ешкім де сатып алынған тұшпараны мерекелік дастарханның басты тағамы ретінде бермейді.

Бүгінгі күні ешкім де көк өшіргіштен қызыл өшіргіштің қандай  айырмашылығы бар екендігін есте сақтамаған болар... (Қызыл өшіргіш жұмсақ және қарындашты кетіреді, ал, көк – қатты, корунд түйіршіктері қосылған өшіргіш және ол қағазды тесе отырып, сияны кетіреді).

Бүгінгі күні ешкім де бигудимен ұйықтамайды.

Бүгінгі күні ешкім де монша күні аптасына бір рет болуы тиіс деп есептемейді.

Бүгінгі күні ешкім де қысқы аяқ киімнің ішін газетпен толтырмайды (егер газетпен толтырса аяқ киім аз ылғалданады және формасын сақтайды).

Бүгінгі күні ешкім де күнтізбеден пайдалы кеңестерді қиып алып, жинамайды.

 Бүгінгі күні ешкім де жыл сайын отбасылық портретке түсу үшін фотоательеге бармайды.

Бүгінгі күні ешкім де «Наука и жизнь» журналының нұсқамасы бойынша кубик-рубикті жинауға тырыспайды.

Бүгінгі күні ешкім де қабырғаларды өз қолынан жасаған чеканкамен немесе күйдіре отырып безендірмейді.

Бүгінгі күні ешкім де шыбын мен масаны, құмырсқа мен тарақанды бір ғана дихлофоспен уламайды.

Бүгінгі күні ешкім де  гитара мойынына бант тоқымайды.

Бүгінгі күні ешкім де «келесі күнге» деп табада майды қалдырмайды.

Бүгінгі күні ешкім де жауабын таба алмайтындай білгіштерге сұрақ қоюды армандамайды.

Бүгінгі күні ешкім де көптен бері Штирлиц пен Василий Иванович туралы жаңа анекдотты ести қойған жоқ.

Бүгінгі күні ешкім де футболкасына үтікті қыздыра отырып, «Поцарапанный Брюс Ли» және  «Монтана» деген резеңке жапсырмаларды жапсырмайды.

lurkmore.ru

 

«АЖ»атынан қосарымыз:

Бүгінгі күні ешкім де Атырауда таңертеңгілік қара уылдырық жағылған бутербродты жемейді.

Бүгінгі күні ешкім де балшық күні резеңке етік кимейді.

Бәлкім, біздің әрқайсысымыздың сол өткен күндерден еске аларымыз көп болар. Қысқасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясының 94-жылдығы құтты болсын! Ура, жолдастар!

2 қараша 2011, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.