Атырау, 18 желтоқсан 21:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​АМӨЗ мазасызданбауға шақырады

4 589 просмотра

Image 0Қыркүйек айында жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты АМӨЗ мұнай өңдеу көлемін азайтады. Алайда, зауыт басшылығының пікірінше, бензин тапшылығы орын алмайды.

Редакциялық сұранысымызға берілген жауапта 20 қыркүйек пен 16 қазан арасында бір қатар технологиялық қондырғылар тоқтатылады деп хабарланған.

«Мәселен, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін мұнайды бастапқы айдау қондырғыларының бірі, сондай-ақ мұнай өнімдерін екінші рет қуу қондырғылары: гидротазалау, изомеризация және тағы басқалар тоқтатылады.

Күрделі жөндеу уақытында ЭЛОУ-АТ-2 бастапқы мұнай айдау қондырғысы мен ЛГ-35-11/300-95 катализаторлық риформинг қондырғысы жұмыс жасайды.

Осылайша, мұнай өңдеу тоқтатылмайды, тек өңдеу көлемдері азаяды. Сонымен қатар, ЛГ-35-11/300-95 катализаторлық риформинг қондырғысы мен жоғары контактілі бірліктерді алдын ала өңдеу қондырғысы жұмыс жасайтынын есепке алып, автобензин тапшылығы болмайды деп сендіруге болады»,- делінген АМӨЗ ЖШС бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ қолымен келген жауап хатта.

Бензинді жергілікті жанар май құю бекеттеріне бөлу туралы келесілер айтылған:

«Автобензиндерді тиеп жіберу Теңдік станциясында («ПСА-Теңдік» ЖШС) және Ақ Жайық станциясында («АМО» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «КПСН» ЖШС) орналасқан Атырау облысының мұнай базаларында жүргізіледі. Өздеріңізге белгілі, «АМӨЗ» ЖШС мұнайды «процессинг» жағдайында өңдейді. Барлық өндірілген мұнай өнімдері мұнай жеткізушілердің жеке меншігі болып табылады және бұларды өткізумен өздері айналысады.

Дегенмен, Атырау қаласы мен Атырау облысын ЖЖМ қамтамасыз ету басымдық маңызға ие».

Үстіміздегі жылдың 7 айында 82 948 тонна көлемде автомобиль бензині тиелді, олардың ішінде: АИ-95- 3 684 тонна; АИ-92 - 67 373 тонна; АИ-80 - 11 921 тонна.

АМӨЗ жергілікті нарықтағы АИ-80 бензинін қамтамасыз ететін жалғыз жеткізуші болғандықтан, осы маркалы бензиннің тапшылығы орын алмай ма деген сұраққа келесідей жауап келді:

«АИ-80 маркалы автобензинді тиеу мәселесіне келсек, тиеу ресурс ұстаушылардың өтінімі бойынша өндіріледі деп хабарлаймыз».

Батыс Қазақстан облыстық энергетика және ТКШ басқармасы жазбаша түрде барлық жергілікті жанар май құю бекеттеріне АМӨЗ-дің уақытша тоқтатылатыны, сондай-ақ РФ-дан мұнай өнімдерін кіргізудің қысқартылатыны туралы ескертіп, осыған байланысты мұнай өнімдерінің қосымша көлемдерін өз уақытында сатып алуға және барлық маркілі ЖЖМ қорын жасауға кеңес беріп жатыр.

Сауле ТАСБОЛАТОВА

2 қыркүйек 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.