Атырау, 28 қараша 23:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Кездесулер мен қоштасулар мектебі

2 432 просмотра

Image 0Бірнеше мың бірінші сынып оқушылары биыл білім алу үшін Атырау мектептерінің табалдырығынан аттады. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №30 мектеп-гимназиясы биыл 260 бірінші сыныптықтарды қабылдады.

Оқушылардың бәрі бірдей толқыныстарын жасыра алмайды. Бұрымдарына, шаштарына үлбіреген ақ бантик таққан қыздар, жүздерінде ұстамды жымиыс бар балалар... Бұл күн олардың естерінде сәңгі қалады.

Ал жас тарих мұғалімі Иван Сергеевич ПЕРЕСЫПКИН (суретте ортада) биыл 1 қыркүйекті аралас сезіммен: балалармен көптен күткен кездесуді қуанышпен және жақын қалған қоштасудың ауыр әсерімен қарсы алғанын мойындады. Педагог 11 "А" сыныбының жетекшісі болып табылады.

- Бұл сыныпты мен еңбек жолымды бастаған кезде алдым. Сол кезде олар кішкентай бесінші сынып оқушылары болатын. Менің көз алдымда өсіп, есейді. Мен оларға үйреніп қана қоймай, бауыр басып қалдым. 20 баланың әрқайсысы мен үшін туғаным секілді.

Шындығын мойындау керек, мұғалім мәртебесіндегі жас жігітті көргеніме таң қалдым. Менің сол сұрақты қоярымды алдын ала білгендей, сөзін жалғастырды::

- Шынымды айтсам, мектептен кейін мен заңгерлікке оқуды жоспарладым. Бірақ тарих педагогы мамандығына грант алдым да, шегінбеуге бел будым. Өз мамандығым туралы жақсы білемін. Әжем мен анам - педагогтар. Жасаған таңдауыма өкінемін бе? Жоқ, түк те!

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

1 қыркүйек 2015, 20:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.