Беларусь президенті Александр Лукашенко келесі оқу жылынан бастап мектеп оқулықтарын жеңілдетуге уәде берді. Бұл туралы «БелТА» хабарлады.
Мұны беларусь лидері 28 тамызда «Беловежский» ААҚ еңбек ұжымының өкілдері мен Рясно деревнясы тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде айтты.
Президент осыған қатысты процестің басталып кеткенін жеткізді. «Оқулықтарды толық өзгертіп шығамыз! Біз мектеп бағдарламасын жоғары мектепте берілетін білім мен сондағы пәндерді тықпалаудан құтқарамыз», – деді мемлекет басшысы.
Александр Лукашенко мектептің бағдарламасына жоғары білім беру жүйесінен талай нәрсенің еніп кеткенін атап өтті. «Бұл не үшін керек? Мектепте оқушы үшін база жасап, оның бағдар алуына, қай салаға барып жұмыс жасағаны дұрыс болатынын айқын түсінуіне мүмкіндік беру керек. Оған өзі игере алатын білімді беру керек. Балалардың өзі де әртүрлі. Сондықтан орта мектепте кімнің жоғары оқу орнына, кімнің колледж бен техникумға, кімнің училищеге баратыны іріктеліп шығады», – деп санайды беларусь басшысы.
Дереккөз: ras.kz
1 қыркүйек 2015, 10:09
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.